Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет47/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

3.3.2. Медицина қызметкерлерінің 
біліктілігі
Медициналық мекеменің физикалық 
қашықта орналасуынан басқа, медициналық 
қызметкерлердің білім деңгейінің шектеулі 
болуы және мүгедектікті емдеу бойынша 
ұсынылатын емнің шектеулі сипаты салдары-
нан медициналық қызмет көрсету сапасының 
төмен болуы аса күрделі қиындық туғызуы 
мүмкін. Фокус-топтағы талқылауларда ата-
аналардың бірі былай деді: 
68


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
«Олар бізге баламызда церебралды сал ау-
руы бар деді. Басқа ештеңе айтқан жоқ. 
Бізге қайда барып ем қабылдау қажеттігі, не 
істеу керектігі және жазылу үшін не істемеу 
керектігі туралы ештеңе айтылған жоқ. 
Сіздерде БСА деді, болды». (1-ата-ана; ФГ5)
Консультациялық қызметтердің жетіспеушілігі 
емдеу нәтижесі сапасының төмен болуына 
әкелетін және баланың одан әрі қоғам өміріне 
толыққанды араласуына мүмкіндік бермейтін 
тиісті медициналық көмекпен қамтамасыз 
ету қиындығы дәрежесінде анықталды. Басқа 
респонденттер медициналық қызметкердің 
тиісті емдеу курсын ұсыну үшін кәсіби даярлық 
деңгейінің төмен болатыны немесе білімі 
жетіспейтіні, әсіресе, олар сырқатты басынан 
бастап, асқынбаған кезінде анықтай алмай-
тыны жөнінде пікір білдірді. Кейбір ата-аналар 
осыған ұқсас тәжірибелерімен бөлісті:
«Көп дәрігерлердің білімі жоқ. Бүгін олар сізге 
балаңызда мынандай сырқат бар деп айта-
ды. Келесі күні басқа қиындықты анықтайды. 
«Біресе бір аяғы сырқат дейді, берісе екінші 
аяғы ауру дейді», «сіздің балаңыздың жүрегі 
ауырады, жоқ, сіздің балаңыз сау дейді...». 
«Біз сіздің балаңызға ота жасай аламыз 
дейді де, жоқ, біз жасай алмаймыз дейді». 
Мұның бәрі іс жүзінде болуы мүмкін бе? Осы 
күні болып жатқан жағдай. Олар бізді біресе 
бір ауруханаға жібереді, сосын екіншісіне 
жібереді. Сырқат баламен жүгіріп жүру оңай 
емес». (1-ата-ана; ФГ5) 
«Маған балаңыздың дені сау деді. Бала сау 
болған соң бізді ауруханадан шығарып, 
үйге жіберді. Осыдан кейін біз үйге келген 
соң баланың ыстығы 38-39 градусқа дейін 
көтерілді. Сосын бізді ауруханаға жатқызып, 
балада қатерлі жүрек ауруы бар, пневмония 
деді...». (4-ата-ана; ФГ5) 
«Бала туа салысымен жылауын тоқтатпады. 
Анасы қолынан келгеннің бәрін жасады. 
Ол көптеген дәрігерлерді аралап, ұлының 
ұйықтамайтынына шағымданды. «Ой, 
сіздің балаңыз ауырмайды. Ол сап-сау», – 
деді. Шарасыз анасы ұйықтай алмайтын 
баланың қасында күні-түні отырып қиналды». 
(6-тәрбиеші; ФГ5)
«4-5 айлық кезінде баламды ауруханада тек-
серуден өткізгенде дәрігерлер ештеңе таба 
алмады және бізге бәрі жақсы деп шығарып 
салды. Егер олар баланың сырқатын сол 
кезде анықтағанда, біз баланың қасында 
өткізген ұйықысыз түндер мен шырқырап 
жылаған көз жасын болдырмауға болатын 
еді». (5-ата-ана; ФГ5)
Соңғы дәйексөз респонденттердің арасындағы 
егер олар баланың мүгедектігі туралы асқынбай 
тұрған кезде хабардар болса, баланы емдеу 
де жеңілдеу болар еді, әрі сырқаты меңдеп 
«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» республикалық конкурсында.
69


кетпес еді деген пікірді білдіретін ортақ 
сезімді бейнелейді. Десек те, медициналық 
қызметкердің ерте диагностика жасауға білімі 
жетпейтіні қаншалықты рас екені де белгісіз 
қалып отыр, медициналық мекеме балалардың 
жай-күйіне қатысты нақты шектеулерге назар 
аудармауын ата-ананың байқағаны анық. Басқа 
респонденттер баланың денсаулығын жақсарту 
үшін ата-ананың диагнозға кеш көңіл бөлуі де 
мүмкін екенін атап көрсеті. Дәрігер бастапқы 
диагноздың дұрыс қойылуына жауапты болса, 
ата-аналар осындай диагнозға сәйкес уақытында 
әрекет етуге жауапты болатыны анық. Диагнозға 
сәйкес іс-қимылдар ата-аналардың өз білімдерін 
жоғарылатуын және бала мүгедектігіне ерте 
кезде көмек көрсету үшін мезгілінде дәрігерге 
қаратуын талап етеді. Оқу мекемесінің бір ре-
спондент осылардың маңыздылығын көрсететін 
бірнеше мысал келтірді: 
«Біз ата-аналарға кеңес бере аламыз, 
бірқатар сабақтар өткізе аламыз. Бірақ 
олар да өз баласымен үйде өз бетімен көп 
жұмыстар жасауы тиіс. Мысалы, мен үйінде 
он, он екі жыл отыратын және олардың 
ата-анасы оның жүріп кетуін қалайтын ЦП 
[церебралды салмен] сырқаттанған бала-
лар туралы айтып отырмын. Бұл қалай іске 
асуы мүмкін? Мен бала үш жасқа келгенше 
әрекет ету керек деп ылғи да айтамын. Үш 
жастан бес жасқа дейін әлі де болса үміт 
бар. Үш жастан бес жасқа дейін қолдан кел-
генше жағдайды түзеуге мүмкіндік бар. Бес 
жаста — бұл мүмкін емес. Бала жүріп кетуі 
үшін оны аяққа тұрғызу іс жүзінде мүмкін 
емес. Кейде адамдар менен неге бұл мүмкін 
емес деп сұрайды. Мен кейбір моторлық 
дағдылар, ақыл-ес қабілеті өте ерте жаста 
қалыптасады деп жауап беремін. Моторлық 
дағдылар біздің денеміз не істеу керек 
екенін есте ұстап тұрғанда дамиды... егер ол 
уақытында орындалмаса, бала жүре алмай-
ды, егер оның аяғы қалай жүру керек екенін 
білмесе, аяқты қозғалту қажеттігін білмесе, 
оның миы оны бақыламаса бала қалай жүре 
алады?» (Директор; ИН3)
Респондент ата-аналардың өз баласының даму-
ын өте ерте жастан ынталандыруы қажет екенін 
баса атап көрсетті. Осы міндетті ата-аналардың 
орындауы үшін оларды баланы өмір бойы нақты 
мүгедектік формасынан қалай емдеуге бола-
тыны туралы толық ақпаратпен қамтамасыз 
ету қажет. Бұл ата-аналар мен медициналық 
практиктер үшін де күрделі мәселе болып 
отыр. Әртүрлі мүгедектік формалары әртүрлі 
емдеуді қажет етеді, кейбіреулері медициналық 
қызметтің жоғары деңгейін, паллиативтік 
көмекті немесе психологиялық даярлықты та-
лап етеді. Денсаулық сақтау, білім беру және 
әлеуметтік көмек көрсету жүйелері әртүрлі 
«Асыл бөбек» тірек-қозғалыс аппараттары 
бұзылған балаларға арналған 
мамандандырылған балабақшада, Астана қ.
70


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
мұқтаждықтарға тиісті деңгейде міндетті түрде 
әрекет етпейді. Бір дәрігер былай деп түсіндірді: 
«Шұғыл оңалту қажет болады. Бүгінгі күні 
біз оңалтатын балалар кереуетін әрбір 
стационарға орнаттық, енді аналарға күнде 
көп жүрудің қажеті жоқ... анасы баланы алып 
келеді, бала кереуетте күні бойы жатады, 
оған массаж, гимнастика, емдік физкульту-
ра ұсынылады, суық сумен шынықтырылады, 
физиологиялық емдік рәсімдер жасала-
ды. Яғни бала екі апталық оңалту курсын 
қабылдайды. Бүгінгі күні бізде балабақшалар 
аз. Мысалы, кейбір бала бақшаларда 
құлағының мүкістігі бар немесе көзі на-
шар көретін балаларға арналған топтар, 
логопедтік топтар бар. Осындай топтарды әр 
ауданда ашуға талпыныс жасалып жатыр.». 
(Дәрігер; ИН15) 
Мүгедектікті нақты емдеу бағдарламасын 
әзірлеу және білім алу үшін мүмкіндіктер жа-
сау әлеуметтік интеграцияның, сөз жоқ, қажетті 
құрамдас бөлігі бола отырып аса қиын мәселе 
болуы мүмкін, себебі бюджет шектеулі және 
мамандандырылған қызметкерлер құрамы 
жеткіліксіз. Мүгедектік түрі әртүрлі балаларға 
емдеу және оқыту режимін әзірлеу мүгедектіктің 
нақты бір түріне сәйкес болуы тиіс, осы орайда 
мүгедектігі бар балаларды мүгедектігі жоқ ба-
лалардан оқшаулауға әкелмейтін және жүзеге 
асырылатындай (қаржылай және адам ресурсы 
тұрғысында) болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет