келеді. Кутис қабаты нашар дамыған жəне ол қоймалжың тканьдерден құралады.
Бұлшықет жүйесі. Денесіне біркелкі орналаспаған. Арқа бөлімінде көп. Бұлшықет жүйесі ұзына бойы бөлінген екі - миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінген. Миомерлер бірінен-бірі миосепта дейтін дəнекер тканьдермен бөлініп тұрады. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі суда жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады. Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Оның сыртын қабық қаптап тұрады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуольдері бар. Қалың дəнекер ткані хорданы жəне оның үстіңгі жағына орналасқан жүйке түтігін қаптап тұрады. Ауыз алды бөлімінде орналасқан қармалағыш түктерінің түбінде тіректік қоймалжың заттары болады.
Нерв жүйесі.Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінің бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты - невроцель дейді. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен - невропор тесігі арқылы қатысады. Ересектерінде невропор болмайды. Оның орнына иіс оязы қалады. Бүкіл жүйке түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш - Гессе көзшілері орналасады. Ол екі клеткадан: жарық сезгіш жəне