Серия «История. Философия». № 3(79)/2015
99
ƏОЖ 821. 512. 122
Р.С.Каренов
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(E-mail: rkarenov@inbox.ru)
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны сан-салалы
білімдерді қамтыған терең философиялық шығарма ретінде
Мақалада ХІ ғасырдың философы, ақыны, ағартушысы Жүсіп Хас Хаджыб Баласағұнның өмірі мен
қызметі қарастырылған. Əсіресе оның «Құтты білік» атты философиялық еңбегінің мазмұны мен
маңызы толық ашылған. Бұл əйгілі философиялық еңбек сол кездегі барлық дерлік ғылым
салаларының: философиялық, поэзиялық, құқықтық, экономикалық, этикалық, тарихтық,
педагогикалық жетістіктерін жалпылайтындығы дəлелденген. «Құтты білік» Шығыс елдері
тарихындағы түрік тілінде жазылған тұңғыш философиялық жəне əдеби трактат болып
табылатындығы дəлелденген. Аталған еңбектегі көптеген ғылыми қағидалар жəне философиялық
тосқаулар қазіргі кезге дейін өз өзектілігін жоғалтпайтындығы айтылған.
Кілт сөздер: əдеби мұра, мемлекетті басқару, зерттелу, басты идеясы, дүниетаным, құт, бақ-дəулет,
білім, қанағат, тіл өнері, тəрбие, нақыл.
Кіріспе
Жүсіп Баласағұн (Баласағұни) — ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне
мəшһүр болған данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері. Ол замандастары мен өзінен кейінгі
ұрпақтарға тек дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ Орта ғасырдың атақты ғалымы, дəлірек айтсақ,
табиғаттану, риезиет (математика), фəлəкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, тағы басқа
толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мəлім болған.
Ал, Жүсіп Баласағұнның есімін əлемдік əдебиет тарихына мəңгілік өшпестей етіп жазып
қалдырған бірден-бір əдеби мұрасы — «Құтадғу біліг» (Құтты білік») дастаны. Бұл дастан қазіргі
түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, əдебиеті мен
мəдени дəрежесі, əдет-ғұрпы, наным-сенімі, тағы басқа жөнінде аса қызықты əрі қыруар мол деректер
беретін көркем туынды [1].
Кезінде кітапты Шығыс патшалары көшіртіп алдырып оқитын болған. Бір қызығы, бұл еңбекке
əр елде əр түрлі ат берген [2; 86]:
ирандықтар Фирдoусидің «Шахнамасымен» қатар қойып, «Шахнамаи түркі» («Түркі
Шахнамасы») деген;
Шың елінің (Солтүстік Қытай) адамдары «Адабул-мүлік» («Əкімдердің əдептілігі») деп, ал
Машын (Оңтүстік Қытай) жұрты «Айнкүл мамлакат» («Мемлекет тəртібі»), Шығыс елдерінің
əкімдері «Зийнатул-умаро» («Əмірлердің сəн-салтанаты»), турандықтар «Құтадғу біліг»
(«Құтты білім») деп атаған;
дастанды зерттеуші-ғалымдар орыс тіліне де түрліше тəржіма жасап отырған: мəселен,
В.В.Бартольд кітаптың атын орыс тіліне «Патшаларды ақылға шақыратын білім» («Знание,
образующее царей»); С.Е.Малов — «Бақыт кітабы» («Книга счастья»); А.А.Валитова —
«Басқару туралы білім» («Наука об управлении»); В.В.Радлов — «Бақыт сыйлайтын білім»
(«Знание, дарующее счастье»); В.Томсон — «Бақытты болу өнері» («Искусство сделаться
счастливым»); С.Иванов — «Құтты білім» («Благодатное знание») деп аударған.
Бұл атаулардың қай қайсысы болса да, «Құтты білік» дастанының мемлекетті басқару істеріндегі
моральдық-этикалық, адамгершілік мəселелеріне арналғанын дəлелдей түседі.
Ақынның өмірбаяны туралы мəліметтер
Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы мəлімет мүлдем аз сақталған. Философ-ғалым өз өмірі мен
ақындық қызметі жайындағы кейбір деректерді «Құтты білік» дастанының соңғы үш тарауында
қысқаша түрде, үстірт қана əңгіме етеді. Міне, ақынның осы өзі жазған мəліметтерге қарағанда,
Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан əулеті билік жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы
Баласағұн шаһарында дүниеге келген.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Р.С.Каренов
100
Вестник Карагандинского университета
Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты кітабында Жүсіп
Баласағұнидың ескіше жазғанын айта келе, ойшыл ғалымның қазақтың Ұлы жүзі, соның ішінде Елсау
бидің немересі Албанның Қас-Қажыл тұқымымнан шыққандығын еске алады [3].
Жүсіп білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін
сөйлейді. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық «Құтты білік» дастанын Баласағұнда
бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жaйт емес еді. Өйткені сол кездегі түркі тілдес тайпалардың
мəдени өмірінде Қашқар қаласы зор рөл атқарғаны мəлім.
Х–ХІІ ғғ. Қараханидтер əулеті билік құрды. Соғыссыз, мамыражай, бейбіт өмір сүргісі келетін
ру-тайпалар Орта Азия төңірегінде өркендеп өсіп келе жатқан Қарахан мемлекетіне бірігіп,
мемлекеттің ел басқару жүйесі нығая бастады. Қарахан мемлекетінің көшпелі билік ордасы Қашқар
қаласында болды. Қашқар сол кездегі Ұлы Жібек жолының бойындағы мəдениеті, əдебиеті,
экономикасы дамыған ірі қалалардың бірі болған. Қарахан мемлекетін елдің ұлы көсемі, атақты
Табғаш Қара-Боғрахан билеген. Осындағы «Табғаш» деген сөз күшті, пəрменді деген мағынаны
білдіреді. Ал «Боғра» деген сөз Бура, қашаннан да өте алып-жойқын күштіліктің белгісі. Осыдан
Табғаш Қара-Боғрахан дегеніміз Батыл Қара-Бурахан (Қара-Бура) болып шығады. Қара-Бураханды
Орта Азия халықтары əрқайсысы өздеріне жақын тартып, біздің үлкен бабамыз деп құрметтейді, ұлы
тұлға санайды. Қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар, тəжіктер, өзбектер, түріктер, тағы басқа ұлт өкілдері
əрқайсысы өздеріне иемденеді. Өйткені Қара-Бурахан өзінің əділдігімен де, тазалығымен де,
батырлығымен де, адамгершілік-білімділік қасиеттерімен де бүкіл Орта Азия халықтарының, батыр,
билері мен ғылым-білім жаршыларының жəне қарапайым халықтың жоғары қолдауына ие болған.
Ұлы Жібек жолымен келетін жаңалықтарды, ғұлама ғалымдар мен дін таратушыларды, Ислам дінінің
қасиетті таза дін екенін айрықша қолдап отырады. Қара-Бурахан ел басқаруда өзіне де, өңірлерді
басқарушы хандар мен барлық билік өкілдеріне де төрт түрлі ұстанымды, негізгі, өзекті мəселе
ретінде қояды [4]:
Əділдік — Əділеттік — Ақ жолды жаза баспас əділ үкім басшының ысымы, осыған қарап бұқара
халық та əділ болады, қоғамда əділеттілік қалыптасады.
Адалдық — Тазалық — Жүрегі адал, ділі таза, ақпейілді, кешірімшіл, кең пейілді, саналы халқы
мен би-сұлтандары көп мемлекет əрдайым бақытты-бақуатты.
Білімділік — Батылдық — Ақ-қараны айыра білу, білгір — айлакер, ер жүрек — алғыр, ақылды
батыр болу, дүниенің барлық құбылыстарына зер сала білу, қайсарлық.
Адамгершілік — Имандылық — Адам адамдық қасиетін сақтап, уақытша болатын аштық-
тоқтыққа шыдап, байлық-мансапқа қызықпай, бос құмарлыққа алданбай, Алланың бірлігіне шүбə
келтірмей, мұсылмандықты бұлжытпай орындау.
Қара-Бурахан осы кезде барлық мұсылман дінін таратушыларды өте жауапкершілікпен қолдап,
мыңдаған сауатты жастарды үлкен қалаларға жіберіп, мұсылман дініне үйретеді. Қара-Бурахан Орта
Азияда мұсылман дінін, Имандылықты толығымен өрбітуді, уағыздауды мүдделес досы Қожа Ахмет
Иассауиге тапсырады. Қожа Ахмет Иассауидің басшылығымен Түркілер тек Ислам дінін тұтынушы
емес, сонымен бірге Ислам мəдениетін жасаушы күшке айналады. Осындай түрік халықтарының
рухани, мəдени дербестігі кезінде Жүсіп Баласағұн тарих сахнасына шығады. Ол Қарахан
мемлекетінің хан сарайында қызмет етіп, білім алады. Жүсіп Қарахан мемлекетінің көсемі Қара–
Бураханның хандық дəуірін, ел басқарудағы ұстанымдарын, елдің ынтымағын, мұсылман дінінің
жақсы қасиеттерін — адалдылық пен əділдікті, білімділік пен адамгершілікті, Ислам діннің
тазалығын пайымдап зерттеп, Қара–Бураханның төрт ұстанымын негізге ала отырып, өзінің аса
жоғары көркемді деңгейдегі басты шығармасын дүниеге əкеледі.
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегін хижра есебі бойынша 462 ж., яғни жаңаша жыл санау
есебі бойынша 1070 ж., жазып бітірген. Бұл жөнінде автордың өзі дастанда ескерткен [5; 589]:
Достарыңызбен бөлісу: |