Адал жарда болмаса ізі күдіктің —
Бақыты сол, байлығы сол жігіттің.
Жаны сұлу — нұр құяды жаныңа,
Мейірім, мінез, шаттық тіле жарыңа.
Бай қатынға басты тіксең — жақпассың,
Атақтыдан еш береке таппассың.
Құлай сүйген, жаны таза, ақылды,
Жақсы əйел құрметті етер атыңды.
Бай келіншектің кесепатын білмейсің...
Қайын жұртпен саудаласып жүрмейсің...
Шын ойласаң, ошағыңның ырысын,
Адал жарың — байлығың да, тынысың, —
деп жырлап, ерлі-зайыптылардың бір-біріне адалдығының, отбасында сақталуы тиіс эстетикалық,
этикалық құндылықтардың маңыздылығын айқын көрсеткен [12].
Дана ақын [5; 419]:
Əйел алмақ болсаң, егер, қарарсың,
Жіті бағып таңдаулысын аларсың! —
дей келіп, жақсы əйел үш сипатты болады деген ой қорытады [5; 421]:
Жібек мінез — қыз-келіншек шырыны,
Біле білсең, əйел көркі — қылығы!
Ақылды, пəк болса, асылға баларсың,
Үш сипаттың бəрін содан табарсың!
Ақылды əйел, ізде — іздесең сен егер,
Есті болса, төрт құбылаң теңелер.
Мұндай жанды кездестірсең, бекін де.
Ей, батырым, тырыс, қолдан кетірме!
Жалпы, Баласағұн шынайы көркемдікті адамның рухани жан дүниесі мен эстетикалық
сұлулығын көрсететін белгі деп санаған.
Жүсіп Баласағұнидың пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.ғ.с.) үлгі етіп суреттеуі
Мына бес күндік алдамшы дүниеде бір жаратушының хақ жолына өз өмірін арнап көптеген
пайғамбарлар өткен. Сол абзал жандардың ардақтысы Мұхаммед (с.ғ.с.) болғаны шындық.
Мұхаммед (с.ғ.с.) — Ислам теологиясының негізін қалаушы. Ол ең бірінші болып иманды
адамдар санының көбеюіне ықпал етті. Адамдарға Ислам негіздерімен өмір сүруді үйретті. Оған қоса
ол — қасиетті кітап Құран Кəрімді [13] Алладан жеткізуші. Сондықтан да біз оны соңғы пайғамбар
əрі Алланың сүйікті құлы деп танимыз, солай деп иман келтіреміз.
Жүсіп Баласағұни да өз дастанында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өнеге етіп суреттеген
[5; 53]:
Рахымды ием, пайғамбарын жіберді,
Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.
Түнек түнде шамы болды халықтың,
Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!
Ол Құдайдың елшісі, ерім, білгейсің,
Сен, содан соң, тура жолға кіргенсің!
Ата-анасын қиып мұнда келді ол,
Үмбетіне тілек, бағыт берді ол!
Кірпік ілмей, нəр де сызбай жүдеді,
Жалғыз сенің тілеуіңді тіледі!
Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн,
Риза болсын, мақта: ақта үмітін!
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Р.С.Каренов
108
Вестник Карагандинского университета
Бүкіл өмірін Алла жолына арнап, адам баласының игілігіне қызмет еткен Жүсіп Баласағұни
атақты «Құтті білік» шығармасында Алланың хикметін жанымен былайша толғаған [5; 50–51]:
Алла атымен айттым сөздің əлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тəңірім!
Тіледі де, жаратты бар болмысты,
«Бол!» — деді де, бірден бəрін болғызды.
Жаралғанның бəрі мұңлық, мұңы көп,
Ием ғана, жалғыз шері, мұңы жоқ.
Ей, ерікті, мəңгі мұңсыз, Құдайым,
Бұл ат жалғыз саған ғана лайық!
Саған өзге кіріге алмас, дарасың,
Əуелгі де соңғы да өзің, сарасың.
Жалғыздығың қосылмай еш санаққа —
Еркің сенің жетті күллі тарапқа.
Іш пен тысты бірдей білген асылсың,
Көзден — жырақ, көңіліме жақынсың.
Барың аян, күн мен айдай жарықсың,
Ақыл, көңіл жетпес, тегің алыс тым.
Сонымен, ғұлама ақын Алланың асқан нығыметін, бір Жаратушы екенін жырлап қоймай,
басқалардың да Құдайды танып білуіне, тіпті жас жеткіншектердің үлгі өнеге алуына терең өсиет
қалдырған.
Достарыңызбен бөлісу: |