Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Қабыршақты амебалар отряды – Testacea



Pdf көрінісі
бет13/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Қабыршақты амебалар отряды – Testacea
Қабыршақты амебалардың
құрылысы кәдімгі амебалардың 
құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы олардың денесі бір камералы 
қабыршақпен немесе сауытпен қапталынған. Қабыршақтары органикалық 
заттан не қоймалжың заттан құралған, бұған майда қиыршық құм, тағы басқа 


бөгде заттар жабысып тұрақты формасын жасайды (қапшықтәрізді, 
табақшатәрізді т. б. пішінді). Қабыршақтың устье деп аталатын арнайы тесігі 
болады, псевдоподиялардың шығуына арналған. Псевдоподиялары арқылы 
қозғалады және қоректік заттарын жинап алады. Жыныссыз жолмен 
көбейеді. Пайда болған екі клетканың біреуі устье арқылы сыртқа шығып 
жаңадан қабыршақ түзейді.
Қабыршақты амебаларға: арцелла - Агсеііа, диффлюгия - Difflugia (3-
сурет) туыстарының өкілдері жатады. Бұлар тұщы суларда (судың түбіндегі 
шөгінділердің бетіне қоныстанады), батпақтарда, ылғалды мүктерде жиі 
кездеседі.
Фораминифералар отряды - Foraminifera
Фораминифералар отрядына теңізде тіршілік ететін 4000-нан аса 
түрлері жатады. Бұлардың дене құрылысы амебалардың құрылысына өте 
ұқсас, негізгі айырмашылығы денесі сыртынан көп камералы қабыршақпен 
немесе сауытпен қапталынған. Қабыршағы алғашқы кезде бір камералы 
болып келеді, бұл камераны ұрық камерасы деп атайды. Содан кейін 
цитоплазманың бір бөлігі қабыршақтың тесігі арқылы сыртқа шығып, оның 
сыртында жаңа қабыршақ пайда болып, сөйтіп екінші, үшінші, көптеген 
камералары түзіледі (3-сурет). Көп камералы қабыршақтың ішінде тек қана 
бір клеткалы қарапайым орналасады.
Камералар бір-бірімен тесік арқылы байланысады. Қабыршақтары 
ұзын қапшықтәрізді, бұтақ, түтік, спиральтәрізді болып келеді. 
Фораминифералардың қабыршақтары эктоплазмадан бөлінген қалың 
органикалық заттан - псевдохитиннен құралған. Осы органикалық затқа 
көмірқышқыл ізбесті сіңген, сондықтан қабыршақтары жеңіл және берік 
болып келеді. Кейбір түрлерінде қабыршақтың органикалық затына майда 
қиыршық құм жабысқан, бұлардың қабыршақтары үлкен, ауыр болып келеді 
(мысалы, Hyperammina, Rhabdammina, Astrorhiza туыстарында).
Фораминифералардың жалған аяқтары кабыршактың тесігінен сыртқа 
шығып, жіп тәрізді, ұзын, бір-бірімен ұштасып түйінделіп тор жасайды. 
Бұларды ризоподия деп атайды. Ризоподия негізінде, қоректік заттарды ұстау 
және қозғалу қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет