жасалынды. Жануарлардың систематикасы негізінен жоғарыда аталған В. А.
Догельдің "Зоология беспозвоночных"
кітабынан, ал суреттер В. А.
Догельдің және басқа да авторлардың оқулықтарынан алынған.
Қарапайымдылардың систематикасын жасауда (Levine et.al., 1980)
Халықаралық комитеті Protozoa патшалық тармағын 5, 7 немесе 9 типтерге
жіктейді. Мысалы, бұрынғы Sporozoa типі қазір 4 типке бөлінген.
Asthetosporidia мен Labyrinthomorpha жаңа типтері қосылды. Жеке типтер
шеңберінде де қатты өзгерістер болып жатыр. Қарапайымдылар жүйесі
орнығып болмағандықтан біз В. А. Догельдін. "Зоология беспозвоночных"
(1981) атты оқулығында берілген жүйені пайдаландық. Қарапайымдылар
жүйесімен тереңірек танысқысы келетіндерге К. Хаусманның
"Протозоология" (1988) атты оқулығын ұсынамыз.
Ұсынылып отырған оқулық университеттер мен педагогикалық, ауыл
шаруашылық, медициналық, мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық
жоғары оқу орындарының студенттеріне,
ғылыми қызметкерлеріне,
магистранттарына және биология саласының мамандарына арналған.
Омыртқасыздар зоологиясы оқулықтарға қойылатын талаптарға және
мемлекеттік университеттерге арналған қазіргі типтік бағдарламасына сай
жазылды. Оның үстіне бұл оқулыққа бұрынғы орыс тілінде шыққан
оқулықтарға кірмеген жаңа мәліметтер енді. Оқулықты жазу барысында
мүмкіндігінше жүйелік, үйлесімділік, нақтылық принциптерін сақтай отырып
дәйекті түрде баяндалуына және студенттерге үғынықты болуына үлкен мән
берілді.
Оқулық кіріспеден, 2 бөлімнен, 4 тараудан құралған, омыртқасыз
жануарлардың 22 типі деңгейлік жүйемен орналасқан.
Оқулық екі кітаптан тұрады.
Бірінші кітапта омыртқасыз жануарлардың 15 типі қарастырылған:
саркомастигофора
- Sarcomastigophora,
споралылар
- Sporozoa,
книдоспоридиялар - Cnidosporidia, микроспоридиялар - Microsporidia,
кірпікшелілер - Сіііорһога, тақталылар - Placozoa,
губкалар - Spongia,
ішекқуыстылар - Coelenterata, ескектілер - Ctenophora, жалпақ құрттар -
Plathelminthes, немертиндер - Nemertini, жұмыр құрттар - Nemathelminthes,
скребнилер - Acanthocephales, буылтық құрттар - Annelida,
буынаяқтылар -
Arthropoda (кластары: шаянтәрізділер, трилобиттер, семсерқұйрықтылар,
алып калқаншалылар, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар).
Екінші кітапта омыртқасыз жануарлардың 8 типі қарастырылған:
буынаяқтылар -Arthropoda (насекомдар немесе алтыаяқтылар класы),
онихофоралар - ОІтусһорһога, моллюскалар - Mollusca, қармалауыштылар -
Tentaculata, тікентерілілер - Echinodermata, погонофоралар
- Pogonophora,
қылтанжақтылар - Chaetognatha, жартылай хордалылар -
Hemichordata және
жануарлар әлемінің филогенетикалық дамуының негізгі сатылары
көрсетілгсн.
Кітаптың соңында омыртқасыздар зоологиясында кездесетін ғылыми
терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі және термин аталымдарының
алфавиттік көрсеткіші беріліп отыр.