Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ӨСІМДІКТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ



Pdf көрінісі
бет18/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

ӨСІМДІКТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ 
-PHYTOMASTIGINA
Хризомонадалар отряды - Chrysomonadina
Бір-үш талшығы бар, ұсақ талшықтылар, тұщы суларда және теңіздерде 
тіршілік етеді. Хроматофоралары диск тәрізді сарғыш қоңыр түсті болып 
келеді. Ассимиляция нәтижесінде - полисахарид-лейкозин пайда болады. 
Бірнеше колониальды түрлері бар, соның ішінде тұщы суларда кездесетін 
бұтақ тәрізді колония Dinobryon және шар тәрізді - Synura туыстары.
Сауыттылар отряды - Dinoflagellata
Өкілдерінің басым көпшілігінде клетчаткадан құралған сыртқы сауыты 
болады. Талшықтары екеу: біреуі еркін орналасқан, екіншісі денесін орап 
жатады. Хроматофоралары қоңыр-сары, кейде жасыл түсті болып келеді. 
Кейбір түрлері хлорофилл дәндерін жойып гетеротрофты жолымен 
қоректенуге көшкен (Noctiluca туысы). Ассимиляция нәтижесінде крахмал 
пайда болады. Тұщы суларда, теңіздерде, судың жоғары бетінде қалқып 
жүріп тіршілік етеді, сол себептен денесінде көп өсінділер жетілген. Негізгі 
туыстары: Peridinium, Ceratium, Noctiluca (7-сурет).
7-сурет. Сауытты талшықтылар: A - Peridinium; Б -Ornithocercus; В - Ceratium tripos; Г - 
Ceratium hirudinella
Эвгленалар отряды - Euglenoidea
Эвгленалар жасыл түсті, бір талшықты, автотрофты және гетеротрофты 
жолымен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органикалық заттары 
мол таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды топырақтарда тіршілік 
етеді.
Олардың негізгі өкілі жасыл эвглена - Euglena viridis (8, А-сурет). 


Денесі ұршық тәрізді, екі ұшы сүйірлеу болып келеді. Денесінің алдыңғы 
жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда 
тәрізді козғалыс жасайды.
Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз тез 
қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл 
балдырлар т.б.) ауыз тесігіне жиналып жүтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың 
түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас 
қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып 
тұрады.
Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хроматофоралары болады. 
Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде 
жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады. Үздіксіз 
қоректену арқасында цитоплазмада көптеген қор заты ретінде парамил 
түйіршіктері пайда болады, олар крахмалға жақын көмірсу - парамиласы. 
Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі - стигма орналасқан, 
қызыл пигмент - гематохромнан құралған. Зәр шығару және осмос қысымын 
реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ 
вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зат 
және зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады да, жұтқыншақ 
арқылы сыртқа шығарылады.
Ұзынынан бойлай бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. 
Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған 
қапталып цистаға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет