Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет28/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

16-сурет. Әр түрлі миксоспоридиялардың плазмодиялары: А - Ortholinea divergens; Б - 
Chloromyxum leydigi; В - Sinuolinea dimorpha; Г - Myxoproteus caudatus; Д - Sphaerospora 
irregularis; E - Leptotheca agilis; Ж - Ceratomyxa ramosa; 3 - Ceratomyxa drepanopsettae; И - 
Ceratomyxa appendiculata; К - Myxidium lieberkuhni
17-сурет. Миксоспоридияның даму схемасы: А - циста (ісік); 1 - цитоплазма, 2 - 
вегетативті ядролар, 3 - генеративті ядролар; Б - панспоробласт; 1 - спора, 2 - атқыш 
капсуласы, 3 - екі қақпақшалы жарма, 4 - екі ядролы амебатәрізді ұрық
18-сурет. Әр түрлі миксоспоридиялардың споралары: A - Myxobolus karelicus атылған 
жіпшелерімен; Б - Henneguya zikaweiensis; В - Ceratomyxa obtusa; Г - Myxidium obscurum; 
Д - Myxobolus karelicus арқа жағынан; Е - Hexacapsula neothum-атылмаған (жоғарыда) 
және атылған (төменде) жіпшелерімен
Осылай миксоспоридиялардың споралары көп клеткалы құрылым 
болып келеді.
Циста жарылған кезде ауру балықтың денесіндегі споралар суға 
шығып, басқа балықтар оларды жұтады. Ішекке түскен спораның (ішектегі 
сөлдің әсерінен) атқыш жіпшесі атылып эпителиге жабысады. Соның 
салдарынан спораның қатты қабығы ашылып, екі ядролы амебатәрізді ұрық 


ішекке шығады да, қан арқылы өзінің паразиттік тіршілік ететін мүшелеріне 
жетеді. Сол жерде амебатәрізді ұрықтың екі ядросы қосылып, содан кейін 
бөлініп көп ядролы плазмодияға немесе цистаға айналады. Одан қайтадан 
генеративті клеткалар түзіліп споралар қалыптасады.
Миксоспоридиялардың барлық ядролары (вегетативті және 
генеративті) диплоидты, тек спора қалыптасқан кезде ядроның бөлінуі мейоз 
жолымен жүреді, соның нәтижесінде спора түзетін ядролар гаплоидты болып 
келеді. Спорадан шыққан екі ядролы, амебатәрізді ұрықтың екі ядросы 
қосылып қайтадан диплоидты түрге айналады. Жыныстық процестің 
осыңдай түрін автогамия деп атайды. Сөйтіп книдоспоридиялардың барлық 
тіршілік кезеңдерінде ядролары диплоидты болып келеді, тек қана спораның 
ішіндегі амеба тәрізді ұрықтың екі ядросы гаплоидты. Книдоспоридиялардың 
споралылардан ерекшелігі осында.
Миксоспоридиялар балықтарды түрлі ауруларға ұшыратады. Өте 
қауіпті Myxobolis және Lentospora туыстарының түрлері. Олар балықтың 
"ісік ауруы" және "айналшақ" деген ауруды қоздырушылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет