Геохронологиялық кесте*
Эралар және
олардың
ұзақтығы
(млн.жыл)
Дәуірлер,
кезеңдер,
олардың
ұзақтығы
(млн.жыл)
Қанша млн. ж
бұрын
пайда
болған
Орган измдердің дамуы
1
2
3
4
Кайнозой
(жаңа
тіршілік)
Антропоген
(1 - 1,5)
Адамның пайда болуы және
дамуы. Қазіргі кездегі жануарлар
мен өсімдіктердің басым болуы.
60 - 70
Неоген
25 - 30
Сүтқоректілер мен құстардың
басым болуы. Мамонт, қанжар
тісті жолбарыстардың жойылуы.
Палеоген
42
Сүтқоректілердің
барлық
отрядтарының
пайда болуы.
Насекомдардың
өркендеуі.
Басаяқты
моллюскалардың
көптеген түрлерінің жойылып
кетуі.
Жабық
тұқымды
өсімдіктердің басым болуы.
Мезозой
(ортаңғы
тіршілік)
163 - 173
Бор
40 -70
120
Нағыз
құстардың,
сүтқоректілердің пайда болуы.
Ірі
бауырымен
жорғалаушылардың,
аммониттердің, белемниттердің
жойылуы. Жабық
тұқымды
өсімдіктердің пайда болып,
таралуы.
Юра
40 - 58
155
Алғашқы
құстардың
(археоптерикстың) пайда болуы.
Бауырымен жорғалаушылардың,
аммониттердің, белемниттердің
басым болуы.
Триас
35 -45
190
Бауырымен жорғалаушылардың
өркендеуі.
Алғашқы
сүтқоректілердің,
сүйекті
балықтардың, белемниттердің
пайда болуы.
Наутилидтер,
стегоцефалдардың құрып бітуі.
Палеозой
(ежелгі
тіршілік)
310-340
Пермь
40- 55
215
Бауырымен жорғалаушылардың
тез
дамуы, аң тісті
жорғалаушылардың,
аммониттердің пайда болуы.
Трилобиттердің құрып бітуі.
Тас көмір
50- 75
300
Алғашқы
бауырымен
жорғалаушылардың,
насекомдардың,
өкпелі
ұлулардың,
өрмекшілердің,
құршаяндардың пайда болуы,
сауытты және шеміршекті
балықтардың, қосмекенділердің
гүлденуі. Трилобиттердің азаюы,
папоротник тәрізділердің өр-
кендеуі.
Девон 50 -
70
350
Қос
тынысты,
сауытты
балықтардың, стегоцефалдардың,
ізбесті губкалардың пайда болуы.
Моллюскалардың,
иінаяқтылардың
таралуы.
Цистоидтердің кұрып бітуі.
Споралы өсімдіктердің құрлықта
таралуы.
Силур 30-40 420
Жақсүйексіз омыртқалылардың,
шеміршекті
балықтардың,
мшанкалардың пайда болуы.
Псилофиттердің
құрлыққа
шығуы. Цистоидтердің (ті-
кентерілілер) гүлденіп өсуі.
Ордовик 60 480
Теңіз
омыртқасыздарының
өркендей түсуі.
Кембрий
70
570
Төменгі сатыдағы шаяндардың,
моллюскалардың,
теңіз
лалагүлдерінің
пайда болуы.
Фораминифералардың, маржан
полиптердің, трилобиттердің,
наутилидтердің, иінаяқтылардың
кең
таралуы. Балдырлардың
гүлденіп өсуі.
Протерозой
2000-астам
Бактериялар,
көк-жасыл
балдырлар,
радиоляриялар,
фораминифералар, губкалар,
моллюскалар, буынаяқтылар, т.б.
омыртқасыз
жануарлардың
дамуы.
Архей
Көне замандағы мұхиттарда бір
клеткалы
қарапайым
организмдердің пайда болуы
(жорамал).
Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің
дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес
қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне
организмдердің бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр
түрлі орта жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен
қатар дене құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады. Мұндай
өзгермелілік А. Н. Северцевтің айтқанындай ароморфоз, яғни организмнің
негізгі мүшелерінің құрылысын жаппай күрделілендіруге апаратын, тіршілік
әрекетін жеделдете түсетін эволюциялық процесс, организмдердің тіршілік
қабілетін арттырады.
Ортаның үлкен өзгерістері ароморфоз сипатында организмдерде ірі
өзгерістерді туғызып, көбіне морфологиялық-физиологиялық жағынан едәуір
күрделі жаңа формалар шығуына соқтырады. Мысалы, жануарлар дүниесінде
болған белгілі бір ірі ароморфоздардың салдарынан - бір клеткалы
эукариотты қарапайым жәндіктер, көп клеткалы, екі қабатты, сәулелі
симметриялы, үш қабатты және екі жақты симметриялы жануарлар пайда
болған. Типтер, кластар сияқты ірі систематикалық топтар ароморфоз
жолымен шыққан.
Организмдердің ортаға бейімделу жолдары сан алуан. Болмашы
өзгерістер организмнің құрылым деңгейін және тіршілік қарқынын
арттырмайды. Мұндай өзгерістер "жеке бейімделушіліктер - идиоадаптация"
деп аталады. Мысалы, жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты су түбінде
тіршілік ететін скат тұқымдастарының денесі жалпайған, арқасы құрсағына
қабысқан, құйрық қанаттары жойылған және реңі су түбіндегі топырақ түстес
болып келеді. Осы өзгерістердің бәрі су түбіндегі тіршілік қалпына сәйкес
"жеке бейімделушіліктер" болып табылады. Мұнда скаттардың құрылысында
ешқандай күрделілену болған жок. Түрлер, туыстар, тұқымдастар сияқты
ұсақ систематикалық топтар идиоадаптация жолымен шыққан.
Әрбір тірі организм біртұтас, оның жүйелері, бөліктері мен мүшелері
бір-бірімен тығыз байланысты. "Корреляция" немесе мүшелердің бір-біріне
қатысты даму заңдылығын Ж. Кювье (1812) ашты. Жануарлардың
эволюциялық дамуында белгілі бір мүшенің қызметі (функциясы) және
құрылысы өзгерсе, соған сәйкес коррелятивті өзгерістер басқа мүшелерде де
байқалады. Мысалы, буынаяқтыларда эволюциялық дамуының нәтижесіндегі
прогрессивті өзгерістерінің бірі - хитинді кутикулярлы сыртқы қаңқасының
пайда болуы. Хитинді қатты кутикуланың пайда болуы басқа мүшелерге әсер
етпей қоймады. Тұтас жатқан тері - бұлшықет қапшықтары қатты кутикула
астында қызметін атқара алмай, жеке-жеке орналасқан бұлшықеттерге
бөлінді; екінші реттік қуыс (целом) тірек қызметін жойып, аралас қуысқа
(миксоцель), негізінен тасымалдаушы (трофикалық) қызметін атқаруға
айналды. Дененің өсуі тек түлеу арқылы жүретін болды, т. б. Міне,
кутикуланың пайда болуы, басқа мүшелердің функциясы мен құрылысының
өзгерісіне себеп болды. Палеонтологтар осы "корреляция" әдісін қолдана
отырып, жойылып кеткен жануарлардың қалдықтарына қарап, олардың
бейнесін анықтай алады.
Жануарлар топтары арасындағы туыстық байланыстарды анықтауға
биогенетикалық заң маңызды қызмет атқарады (Мюллер, 1864, Геккель,
1866, Северцев, 1939). Биогенетикалық заң бойынша әрбір жеке организм
өзінің оқшау дамуында (онтогенезде) ертедегі арғы тектерінің тарихи даму
процесіндегі (филогенездің) өте маңызды өзгерістерін қайталап отырады,
немесе онтогенез филогенездің қысқаша қайталануы. Ұрықтың және
личинканың дамуын зерттей отырып, тіпті, бір-бірінен алшақ тұрған
жануарлардан ортақ туыстық белгілерді табуға болады. Бұл онтогенез бен
филогенездің арасындағы терең байланыстылықты көрсетеді.
Органикалық
дүниенің тарихи дамуының заңдылықтарын,
эволюциялық процестің жолдарын, бағыттарын және қозғаушы күштерін,
ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин "Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің
шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып
қалуы" (1859) деген классикалық еңбегінде дәлелдеп берді.
Органикалық дүниенің тарихи даму (эволюция) заңдарына,
палеонтологиямен бірге салыстырмалы анатомияға, эмбриологияға сүйене
отырып, жануарлардың эволюциялық дамуын, шығу тегін анықтауға болады.
Кейінгі кезде тіршіліктің тарихи дамуы туралы мәліметтердің қатарын
бағалы мәліметтермен толықтыруда экспериментальды зоология мен
биохимияның маңызы артып келеді.
Жануарларды зерттейтін ғылым - зоология (Zoon - грек тілінде жануар,
logos – ғылым, ілім). Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін,
олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету
ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи
даму зандылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін
ғылым.
Зоология басқа да биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты:
морфологиямен және анатомиямен (организмдердің сыртқы және ішкі
құрылысын зерттейтін ғылым); гистологиямен (тканьдердің микроскопиялық
құрылысын зерттейтін ғылым);
физиология
және биохимиямен
(организмдердің және олардың мүшелерінің функциональдық қасиеттерін,
құрамының химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейтін ғылым);
цитологиямен (клеткалардың құрылысын, атқаратын қызметін, дамуын
зерттейтін ғылым); эмбриологиямен (адамның, жануарлардың, өсімдіктердің
ұрықтық
даму
зандылықтарын зерттейтін ғылым); генетикамен
(организмдердің тұқым қуалауы және өзгергіштігі туралы ғылым);
экологиямен (организмдердің қоршаған ортасымен қарым-қатынастық
заңдылықтарын зерттейтін ғылым); палеонтологиямен (құрып кеткен қазба
организмдерді зерттейтін ғылым); систематикамен (организмдерді туыстық
топтарға жіктеу және олардың эволюциялық, дамуының тарихи тізбегін
анықтау туралы ғылым).
Жануарлардың алуан түрлерін зерттей
отырып,
олардың
ерекшеліктеріне және әр түрлі зерттеу мақсаттарына, әдістеріне қарай
зоология - бірнеше салаларға бөлінеді: протистология немесе протозоология
- қарапайымдыларды зерттейтін ғылым; гельминтология - құрттарды
(паразиттік тіршілік ететін); карцинология – шаянтәрізділерді; арахнология -
өрмекшітәрізділерді; акарология - кенелерді; энтомология - насекомдарды
(бунақ денелілерді); малакология - моллюскаларды (жұмсақ денелілерді);
ихтиология - балықтарды; герпетология - қос мекенділер мен бауырымен
жорғалаушыларды; орнитология - құстарды; териология (мамма-логия) – сүт
қоректілерді зерттейтін ғылым.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор және
алуан түрлі. Олардың бірқатары пайдалы жануарлар болып табылады. Азық-
түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізат өнімдерін: ет, май,
CYT
, тері, жүн, бал,
балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т. б. береді. Жануарлардың пайдасы
мұнымен бітпейді. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылық дақылдарын
тозаңдатушылар, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азықтық қорлары
мен органикалық заттардың ыдыратушылары болып келеді.
Жануарлардың осындай пайдасымен қатар ауыл шаруашылығына
көптеген зиян келтіретін түрлері де бар: шегірткелер, кейбір көбелектер,
қоңыздар, кенелер, бауыраяқты моллюскалар, кемірушілер отрядына
жататын тышқандар. Сонымен қатар жануарлардың кейбір түрлері адамға
және басқа жануарларға ауруларды таратушылар, ауруларды қоздырушылар
және тікелей паразиттері болып табылады (масалар, соналар, кенелер,
дизентериялық амебалар, лейшманиялар, бауыр сорғыштар, аскаридалар).
Адамның шаруашылық әрекеті мен табиғатқа жасаған ықпалынан
көптеген жануар түрлерінің саны едәуір азайып кетті, ал кейбіреулері мүлдем
жойылып кетті. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау проблемалары, сонымен
қатар фауналық ресурстарды үнемдеу бірінші орынға шықты. Табиғатты
қорғау және оны бірқалыпты сақтау туралы көптеген мемлекеттік құжаттарда
айтылған. Арнаулы "Қызыл кітапқа" дүние жүзіндегі құрып бара жатқан
және саны күрт азайып кеткен жануарлар мен өсімдіктер туралы бірнеше
құнды мағлұматтар енгізілген.
Жануарларды зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану
және олардың табиғаттағы қорын сақтау зоология ғылымының басты міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |