таңғажайып тауларымен əйгілі.
Баянауылдың өсімдіктері емдік қасиетімен бағалы.
Мысалы, мүжгін шөбімен өкпе, асқазан ауруларын
емдеген. Оны «қазақтың женьшені» деп те атайды.
Сонымен бірге итмұрын, қарақат, құлпынай, шие сияқты
жеміс-жидек көп.
Бұл аймақтың жер қойнауы да өте бай. Жер астында
күміс, алтын, мырыш, қорғасын, малахит бар. Барлығы 26
элементтен тұрады.
Қазақ халқының көптеген ұлы адамдары осы Баянауыл
топырағында дүниеге келген. Атап айтқанда, əйгілі Жаяу
Мұса, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мəшһүр Жүсіп,
полковник Мұса Шорманов, тұңғыш академик Қаныш
Сəтбаев, Əлкей Марғулан, Зейін Шашкин жəне Шəкен
Айманов сияқты асыл тұлғалар өнер мен ғылымның биік
шыңдарына осы жерден аттанған болатын. Мен туған
ауылымды мақтан етемін. Баянауыл – бүкіл қазақ елінің
ардақтайтын ауылы, құрмет тұтатын құтты мекені.
Баянауыл Павлодар облысында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: