Əже – əкесінің шешесі.
Нағашы ата – шешесінің əкесі.
Нағашы əже – шешесінің шешесі.
Кіндік шеше –туған кезде кіндігін кескен əйел
Аға – жасы өзінен үлкен ер адам.
Апа – өзінен үлкен əйел адам (қыз).
Ағайын – аталас, туыстас, ағайын адамдар.
Туыс – ағайын, жақын, туысқан адамдар.
Іні – өзінен кіші ер адам.
Қарындас – ер адамдардан жасы кіші əйел (қыз).
Сіңлі – қыздар мен əйелдерден жасы кіші əйел адам (қыз).
Бауыр – бірге туысқан жақын адамдар.
Жеңге – ағаның əйелі.
Келін – баланың немесе інісінің əйелі.
Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.
Жезде – апаның (əпкенің) күйеуі.
Балдыз – əйелінің сіңлісі.
Қалыңдық – күйеуге атастырып қойған қыз.
Күйеу – некелі əйелдің ері.
Нағашы – шешесінің барлық туыстары.
Бөле – туысқан қыздардан туған бала.
Немере – ұлынан туған бала.
Шөбере – немеренің баласы.
ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Орфографиялық нормаларды сақтап, тыныс
белгілерді дұрыс пайдаланып кез-келген бір туысын суреттеп
жазу. (ауыспалы келер шақтың көпше түрінің жасалу жолдарын
қолдана отыра).
Үлгі: Атаңды суреттеп жаз.
Атам ауылда тұрады. Атамның шөберелері бар. Мені үнемі
«құлыным» дейді. Мен де оған еркелеймін. Атамның сақалын ақ
шалған. Бірақ бар шаруаны өзі тындырады…
Назар аударыңыз!
ауыспалы
келер
шақтың
көпше
түрінің
жасалу
жолдары:етістік +а/е/й +жіктік жалғауы+көптік жалғауы
1 Біз
етістік +а/е/й +жіктік жалғауы
-мыз, -міз
бар+а+мыз, кел+е+міз,
ойна+й+мыз
2 Сендер етістік +а/е/й +жіктік жалғауы
сың,сің+лар/лер,дар/дер, тар/
тер
бар+а+сың+дар,
кел+е+сің+дер,
ойна+й+сың+дар
Сіздер етістік +а/е/й +жіктік жалғауы
-сыз,-сіз+
лар/лер,дар/дер, тар/
тер
бар+а+сыз+дар,
кел+е+сіз+дер,
ойна+й+сыз+дар
3 Олар
етістік +а/е/й +жіктік жалғауы
-ды,-ді
бар+а+ды, кел+е+ді,
ойна+й+ды
Достарыңызбен бөлісу: