3-тапсырма. Мəтінді оқыңыз.
Студенттік ұйымдар университеттен тыс тəрбиелік іс-
шаралардың ұйымдастырылуын жүзеге асырады. Студенттік
ұйымдар жастарды проблемалық мəселелер бойынша саналы
шешім қабылдауға баулиды.
Негізгі мақсаттары:
- Университтегі жастар мен студенттердің өзін-өзі
басқаруын жан-жақты дамыту;
- Студенттердің бойында академиялық шыншылдық
мəдениетін қалыптастыру;
- Жатақханада тұратын студенттердің азаматтық ролі мен
жауапкершілігін арттыру;
- Қоғамдық-саяси, құқықтық, патриоттық, адамгершілік,
этномəдени тəрбие бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
- Студенттердің жеке қабілеттері мен интеллектуалдық
мүмкіндіктерін дамыту.
- Жастардың өзін-өзі басқару органын дамытуға,
жастардың мағыналы бос уақытын ұйымдастыруға жəрдемдесу;
- Діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шараларды
ұйымдастыру;
- Студенттердің арасында салауатты өмір салтын
насихаттау жəне дене шынықтыру мен спортты дамыту;
– Жастардың ұжымдық жəне жеке кəсіпкерлік қызметін
дамыту;
Оқылым тапсырмалары: 1-тапсырма. Мəтіндегі қарамен жазылған сөздерді қалау
райының көпше түрінде жазып, болымды, болымсыз хабарлы,
сұраулы сөйлемдер құрастырыңыз.
2-тапсырма. Мəтіндегі хабарлы сөйлемдерден сұраулы
сөйлемнің арнаулы жəне жалпы (болымды, болымсыз) түрлерін
жасаңыз.
Үлгі: Жалпы сұрақ (ма, ме, ба, бе, па, пе)
1. Жалпы болымды сөйлем. ...................................................
2. Жалпы болымсыз сөйлем. .............................................
Арнаулы сұрақ
1. .......................................................................
2. .......................................................................
ЖАЗЫЛЫМ 4-тапсырма. Сіз оқып жүрген оқу орныңызда қандай студенттік
ұйым ашуды ұсынар едіңіз? Сол ұйымның мақсат, міндеттерін
жазыңыз.