ЖАЗЫЛЫМ. 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Бес саусақ əдісі. Студенттер
жұптарымен жаңа сөздерді пайдаланып бес сөзден артық емес
сөйлемдер құрастырады. Жұптағы студенттер бір-біріне бес
саусақтың біреуін алып тастау арқылы басқа сөзбен
алмастырады. Алмастыратын сөз белгісіздік есімдігі болуы
шарт.
Үлгі: Жұмыста кеше кейбір қызметкерлер болмады.
Жұмыста кеше бірнеше қызметкерлер болмады
.
ТЫҢДАЛЫМ 3-тапсырма.Сілтеме бойынша ақпаратты тыңдаңыз. Жаңа
сөздерге назар аударып, мағынасын түсініңіз.
https://youtu.be/-fotdpuWWIc
Айтылу ретімен нөмірлеп, тыңдалым мəтініне сəйкес келмейтін қатарды табыңыз. 1 Интернет адамдардың талаптарын
қанағаттандыра алады.
2 2 Баспасөз құралдарын керек ететін
жұлдыздар
3 Жұмыспен қамту қызметі цифрлану
арқылы дамып келеді.
3 4 Сайттарда еңбек ақысы мен міндеттері
жазылады.
4 5 Жұмыс іздеп жүрген адам бос
орындарды арнайы сайттардан табады.
1 АЙТЫЛЫМ. 4-тапсырма.«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.
Үлгі: 1 топ: Жұмысқа орналасу үшін не қажет?
2 топ: Жұмысқа орналасу үшін сол мамандыққа сай білім
қажет.
Жұмыс берушінің негізгі міндеті қандай?
3 топ:Жұмыс берушінің негізгі міндеті уақытында еңбек
ақысымен қамтамасыз ету.
Жұмыс уақыты неге байланысты болады?
1 топ: Жұмыс уақыты жұмыс түріне байланысты.
2-ТАҚЫРЫП. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ. Грамматикалық тақырып: Белгісіздік есімдігі.
Лексикалық минимум: түйіндеме, жалақы, жауапкершілік,
кадр, хабарландыру, қызмет түрлері, ваканция, еңбек шарты,
жұмыс беруші, еңбек кітапшасы, жұмыссыз, сынақ мерзімі,
ресми рəсімдеу, талап ету, еңбек қатынасы.