Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет159/373
Дата23.09.2022
өлшемі28,52 Mb.
#39991
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   373
Байланысты:
Физиология кітап

Қан агысының жылдамдьн ы
Қан агысының жылдамдығы үш түрлі өлшеммен сипатталады: көлемдік
сызықтық жэне қан айналымының толық мерзімі.
Қан ағысының көлемдік жылдамдығы деп тамыр түтігінің тұрақты 
диаметрі арқылы белгілі уақыт ішінде (секунд, минут) өтетін кан көлемін 
айтады. Бұл мл/сек. есебімсн белгіленеді.
Қан агысының көлемдік жылдамдыгы Р тамырдың бас жағымен аяк 
жағындагы қысымдарының айырмасына (Р1 - колқадағы, Р2 - қуысты 
веналарда) жэне тамырлардың шеткей кедергісіне байланысты (R).
*
О Р1 - Р2 
R
Бір 
минут арасында қанайналымының кіші 
шеңберінен 
белгілі 
диаметрден өтетін кан көлемі осы уақыт ішінде қанайналымының үлкен 
шеңберінің сондай диаметрінен өтетін келеміне тең болады, ягни кан 
азысының көлемдік жылдамдығы тамырлар жүйесінід қай бөлігінде болса да, 
бірдей болуы шарт, әйтпесе белгілі бір тамыр қанға толы болса, екінші бір 
тамыр суалып қалады. Әдетте ондай жағдай кездеспейді. Бірақ орбір ағза 
аркылы өтетін қан мөлшері бірдей емес, ол сол ағзадағы қантамырларының 
санына (васкуляризациясына) тамыр түтігінің көлеміне байланысты.
8 -к ес т е. А ғза сал м агы н ы ң э р б ір 100 г -н а ш ақ қ а н д а қанньтң с о л а ғза арқы лы б ір м и н утта 
ө т ет ін к өл ем і
А гза л а р
Қ а н ағы сы , м л е с е б ім е н
Қ алқанш а б е з
5 6 0
Б үй р ек
4 2
Б ауы р
150
Ж ү р ек
85
М и
6 5
А як -қ ол
2 3


Қан агысынын колемдік жылдамдыгын тэжірибе жүзінде кесілгсн қан 
тамырын арнайы аспапқа тіркеу арқылы анықтайды. Оны қан тамырын 
кесией-ақ ультрадыбыс немесе окклюзиялық (қысу) плетизмография әдісін 
қолданып білуге болады.
Қан агысының сызықтық жылдамдыгы деп кан гамшысының (белгілі бір 
көлсмінің) бір секунд арасында өткен жолын айтады. Бұл мм/сек. есебімен 
белгіленеді.
Қан агысының сызықтық жылдамдыгы қан гамырының ортасында, 
қабыргасына таяу жерінде бірдей болмайды (паминарлық агыс). Дегенмен де 
сызықгық жылдамдык орташа көрсеткіш болып есептеледі. Тамыр негұрлым 
кен, болса, кан агысының сызықтык жылдамдыгы солғұрлым жай, ягни қан 
агысы солғұрлым баяу болады. Мәселен, қолқада ол 30-50 см/сек. Қуысты 
веналар қолқадан екі есе кен болғандықтан ондагы сызықтық жылдамдық 15- 
25 см/сек. Капиллярлпардың әрқайсысы өте жіңішке болганмен бүкіл 
денедегі капиллярлардың жалпы жинак саңылауы қолқа диаметрінен 600-800 
есе артық, сондыктан каииллярларда қан агысының сызықтык жылдамдыгы 
колкадагыдан сонша есе баяу (0,04-0,05 см/сек).
Қан 
ағысының 
сызықтық 
жылдамдыгын 
(V) 
оның 
көлемдік 
жылдамдыгынан (Q) есептеп шыгаруға болады: V=Q/nr2; пг2 - тамыр 
саңылауының ауданы.
Қан айналымыиың толық мерзімі дсп бір тамшы қанның үлкен және кіші 
қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақытын айтады. Бүл 
мерзім сау адамда калыпты жагдайда 17-25 секундқа тең. Ал жануарларда -25 
систолага кететін уақытқа тең болады. Мысалы, пілдің жүрегі минутына 25 
рет согады, ал осы мезгілде қан тамшысы үлкен, кіші қанайналымы шеңберін 
бір айналып шығады. Адамның жүрегі 20 секунд арасында 25 рет согады. 
Осы арада қанның белтілі бір көлемі екі щеңберді бір айналып шығады.
Қанньщ кан шеңберлерін қанша уақытта бір айналып шығатынын 
шынтақ венасына бояу (конгорот), радиоактивтік натрий изогопын, не 
лобелии енгізу аркылы білуге болады. Бүл заттардың арасында лобелии 
жиірек қолданылады. Лобелиннің 1 %-тік ерітіндісінің 1 мл көлемін, канга 
құйса, ол оң жүректен өкпеге барып, одан эрі сол жүректен өтеді де үйқы 
артериясының тармақталар жеріне жетіп, мүндағы хеморецепторларды 
тітіркендіріп рефлекс аркылы тынысты терендетеді не жиілетеді немесе 
жөтел пайда болады. Осы рефлекстің найда болу уақыгы анықталады. 
Рефлекс кезінде лобелин араласқан қан кіші шенберді 3,5-5,4 секунд ішінде 
бір айналып өтеді. Иттерге жүргізілген зергтеулерде қанның кіші шеңберден 
өту мерзімі екі шеңберден өту мерзімінің 1/5 тең болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет