"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019 207
Біз жоғарыда атап ӛткендей Шығыс Қазақстан кҥйлері алғашында 11 пернелі
домбыра негізінде қалыптасса, Шайқының «Майда қоңыр» кҥйі осы дерекке айқын
дәлел бола алады. Бҧлай дейтін себебіміз, аталған кҥйдің шарықтау шегі дәл осы 11-
пернеден, яғни фа# нотасынан аспайды. Бҧл дегеніміз Шайқы Қҧсайыновтың
шығармашылығы ежелгі кҥйлерден бастау алады деген сӛз. Ал «Ой» кҥйінің шарықтау
шыңы домбыра сағасының си дыбысына, яғни 16-пернеге дейін жетеді.
Оның «Ой» кҥйі философиялық тақырыптағы, лирикалық кҥй. Формасы –
нұсқалы-шумақты. Ол А, В,В
1
және кішігірім қорытынды бӛлімнен тҧрады және осы
тақырыптарды толық қайталап, соңында кіріспені қысқа қайырып аяқталады. Кҥйде 5/8, 6/8, 7/8, 3/8 сияқтышертпе кҥйге тән кҥрделі және 2/4, 3/4 қарапайым ӛлшемдік жҥйелері
кездеседі, олар жиі ауыспайды, бірақ кҥйдің әр бӛлігін қамтиды. Кҥйдің ырғақтық
жҥйесіне келсек, мҧнда бірыңғай, қосынды, бөлшекті ырғақ тҥрлері кездеседі. Кҥйдің А бӛлімі Арқа ӛңірінің ӛкілі Әшімтайдың«Қоңыр қаз» кҥйіне ҧқсайтын кіріспеден
басталады:
Әрі қарай кҥй соль ішегінде дамып, ашық реішегі осы мелодияға бурдон ретінде
теріп орындалып, кішігірім бӛлектенген әуендік мотивтерге ҧласады:
Кҥйдің В бӛлімі кҥйдің шарықтау шегі болып табылады, себебі онда мелодия ІІ-
октаваның си нотасына секіреді, және А бӛлімімен регистрлік, дыбыстық контрастқа
ҧшырайды. Мҧндай ҥрдіс шертпе кҥй дәстҥрінде, оның ішінде Арқа ӛңірінде Тәттімбет
кҥйлерінде кездеседі. Бҧл бӛлімде де мелодия алдымен екі ішекті теріп ойнау арқылы,
артынша жеке-дара кішігірім мотивтер арқылы дамиды:
Ал В