Қоңыр
кҥйлер философиялық ойға қҧрылып, кӛбінесе ӛмірдің ойлы, мҧңлы сәттерін толғайды.
Сол арқылы тыңдаушыны сабырға шақырады немесе ӛмірдің мән-мағынасын зердеге
ҧялатады.
Шайқының «Майда қоңыр» кҥйі мажорлы, салтанатты мінезде жҥреді. Мҧнда
пунктирлі, марш екпінді ырғақтар лигалармен жалғасқан мотивтермен кезектесіп
отырады. Метроритмдік жҥйесі негізінен 2/4 ӛлшеміне қҧрылған, сирек жерлерінде 3/4
ӛлшемі кездеседі. Формасы – нҧсқалы-шумақтық. Ырғақтық жҥйесі де аса бай емес,
пунктирлі, қосынды ырғақтар кезектесіп жҥріп отырады, алайда бҧл кҥйде әуенге
қарағанда ырғақ алдыңғы қатарға шығып, жетекші рӛл атқарады. Себебі кҥй мелодиясы
бірсарынды, бір мотивті тҥрлендіре қайталаса, ырғақ ӛз кезегінде кҥйдің мінезін беріп
тҧр. Кҥй кіріспесі соль-ре ладтық тірегінде басталады:
Кҥйдің А бӛлімі осы ладтық тірекке қайтып келе отырып, шағын мотивтермен
дамиды, мҧнда осы пунктирлі ырғақ пен лигамен жалғасқан мотивтер кезектесе жҥреді.
Және бҧл бӛлім ре-сольладтық тірегімен, яғни ашық ішектермен бекітіледі:
"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
209
В бӛлімінде алдымен әуен соль ішегінде дамып, ре ішегі оны бурдон ретінде
сҥйемелдеп, кейіннен осы А бӛлімінің элементтерін қайталай келе соль-ре ладтық тірегіне
қайтып келеді:
Ал ҥшінші С бӛлімі - кҥйдің шарықтау шыңы. Ол ля-миладтық тірегінен си-
фа#ладтық тірегіне барып, кҥй кішігірім транспозицияға ҧласады. Бҧл бӛлім осы кішігірім
транспозициядан соң алғашқы екі бӛлім элементтерін қайталай келе, тағы қайталанып,
кҥй ре-сольладтық тірегімен аяқталады. Кҥйдің шарықтау шыңы 11-пернеден аспайды,
демек аталған туынды Шығыс Қазақстанның кӛне кҥйлер ҥлгісінен алынған:
Кҥйдің ладтық жҥйесіне келсек, мҧнда да трихордтық жҥріс,
Сондай-ақ толық емес болса да пентатоника элементтері кездеседі:
Сонымен қатар тҧрақты дыбысты кіріспе және тҧрақсыз дыбыстармен әндету әдісі
де кездеседі. Бҧл қҧбылыс кҥйшінің «Ой» кҥйінде де кездескен болатын.
Оның орындауындағы халық кҥйлерінің ішінде кесек те кӛркем туындылардың бірі
– «Аққабаның толқыны» кҥйі. Аққаба – Марқакӛлдің шығысындағы Қаба жотасын
бойлай ағатын ірі ӛзен. Бірақ кҥйдің тақырыбы жай ғана географиялық атаумен шектеліп
қалмайды. Орындаушының ӛзі оның шығу аңызын тӛмендегідей келтіреді:«Кҥйде
мҧратына жете алмаған ғашықтың зары естіледі. Ӛзі ҧнатып, келіскен қызын алып қашып
келе жатқан жігіттің соңынан тақымдаған қуғыншылардың дҥбірі, олардан қҧтылу ҥшін
қыз бен жігіттің тасып жатқан ағынды Аққаба ӛзенінен ат жалдап ӛтпекші болып, жҥзіп
келе жатқандағы сезім ауаны, тасқын толқынның ырғағы, астындағы аты, жанындағы
сҥйгені суға кеткен жігіттің зары, жан кҥйінішінің ҥні естіледі» [3, 14]. Кҥйші бҧл кҥйдің
екінші атауын «Айрауықтың ащы күйі» деп атаған екен. Халық арасында бҧл кҥйдің
аңызының тағы бірнеше нҧсқалары бар. Онда Бҧхтарма ӛзенінің жанын мекендеген Керей
руынан шыққан тамаша сыбызғышы Мҧса жайында баяндалады [4, 58-59 б.].
|