Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет221/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   418
Байланысты:
III TOM

"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
215 
Жалпы Мәңгілік Ел идеясы атауымен ғана емес, алдымен мән-мағынасымен 
маңызды. Байыбына барсақ, Мәңгілік Ел ҧғымы тҥсінігімізді, талғамымызды, тоқтамды 
ҧштауда, ӛзара ҧштастырып ҥйлестіруде; ақыл парасат пен интеллект мәдениетінің 
мерейін ҥстем етуде; әлеуметтік-гуманитарлық амалды әрекеттердің ықпалын арттыруда, 
адамның рухани әлемінің алдыңғы шебі мен алаңын кенейтуде; рухани ӛнімде кісілікке 
тҧрақтауда, тҧлғалық қҧндылықтарды сабақтауда мағынасын аша бермек, толықтырмақ. 
Мәңгілік сӛзі бҧрын байырғыға тҧрақтау, тҧрақты әлемге ҧмтылу деген тҥсінік 
деңгейінде қабылданды. Енді ол адамзат тарихындағы жаңа дәуір, талабы таңдаулы әрі 
жҥйелі әлемі. Бҥгінде мәңгілік идеяы біздің тартымды ӛмір ҥшін талпыныс-тартыстың 
ӛрісі әрі ӛлшемін, тӛзімділіктегі тепе-теңдіктің тҧрағы мен тірегін, жарастықты 
жалғастырудың, жетілдірудің шептерін сипаттайды, елеулі оқиғаларды сараптайды; 
тәнтілікпен табысқанға тҧрақтауға, қызыққанды ҥнемі, ҥдете қҧрақтауға жҧмылдырады 
[4]. 
Жаһандану процесі заманында кӛптеген мәдени қауымдастықтар бір-бірімен тығыз 
байланыс жасауда. Алғаш рет жаһандану терминін 1983 жылы Теодор Левитт «Гарвард 
Бизнес Ревю» журналында қолданылып, әлемге тарала бастады. Ӛрісі кең ауқымды 
алатын жаһандану процесі, қазіргі таңдағы ерекше қҧбылыс. Ол ӛз ауқымында әлемдік 
экономика, саясат, дін мен мәдениет салаларын қамтиды. 
Жаһандану процесіндегі алаңдатар мәселелердің бірі – мәдени жаһандану. 
Мәдениет аясындағы тҥрлі мәдени ағымдардың ҧлттық мәдениетке деген тиізер 
ӛзгерістері ойландырмай қоймайды. Халықаралық мәдениет ықпалынан, ҧлттық 
қҧндылықтарымызға нҧқсан келтірмеуі басты назарда болуы қажет. Соның ішінде 
батыстандыру, америкаландыру саясаты әлемдік жаһандану ҥдерісінде елеулі қарқын 
алған болатын. 
Сол себепті ҧлттық ҧндылықарымызды айғақтайтын салт-дәстҥр, әдет-ғҧрып 
атадан балаға қалып отыратын мол мҧра. Салт-дәстҥрдің пайда болып, қалыптасу 
тарихына кӛз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тҧрмыс-тіршілік болмысынан туып 
қалыптасатынын кӛреміз. Халық тәрбиені балаға ана қҧрсағында жатқаннан бастайды. 
Оған куә іштегі сәбидің уақытында дҥниеге келу ҥшін ҥлкен аналар тҥрлі ырымдар 
жасайды. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-
дәстҥрлерімен сабақтастығын тҥсіндіру, халық әндерін, мақал-мәтелдерін ҥйрету 
отбасында басталып одан әрі мектеп қабырғасында жалғасын табады. Тәрбиенің алғашқы 
әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Әрбір 
отбасы қоғамның кішкентай бір бӛлігі болып табылатындықтан, қоғамды ӛркениетілікке 
жеткізу ең алдымен, әрбір отбасындағы ӛмірді ҧйымдастырудан басталмақ [5]. 
Тарихқа кеткен есеміздің орнын пайымдаудың ең бір жанды тетігі – бҥгін мен 
болашақ ҧрпақ бойына отаншылдық сезімін орнықтыру болса, бҧл ретте отаншылдық – 
ең алдымен білім мен тәрбиенің тҧғыры болмақ. Тәрбие ҥрдісі – диалектикалық қҧбылыс, 
ол ӛмірде кездесетін себептерге байланысты дамып, ӛзгеріп отыратыны мәлім. 
Сондықтан, әрбір оқу орны – мемлекеттің шағын заңды бӛлшегі, әрбір бала – қоғамның 
дербес мҥшесі. Мемлекетің бҥгінгі даму саясатындағы басты бағдары – азаматтық қоғам 
қҧру идеясын мектептегі тәрбие жҥйесінің ӛзегіне айналдырған жағдайда ғана мемлекет 
пен қоғамның қажеттілігіне сай адам ресурстарын – ӛз елі ҥшін мақтаныш сезімдері 
қалыптасқан, ӛз елінің мҥддесін қорғау жӛніндегі азаматтық борыш пен конституциялық 
міндеттерді орындауға дайын патриот тҧлғаларды тәрбиелеуге қол жеткізу [6] арқылы 
жас ҧрпақтарымызды адуынды ете аламыз. 
Осының барлығын зерделей келе «Мәңгілік Ел» мҧраты – зайырлы қоғам қҧру [7] 
идеясында шоғырлануы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет