"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
213
УДК 177
МӘҢГІЛІК ЕЛ ТҤРКІ ЖҦРТЫНЫҢ БІРДЕН
БІР ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҤЙЕСІ
Култанов Мажит Маратулы
Қ.Жҧбанов атындағы АӚМУ
тарих
факультетінің 3-курс студенті
Ақтӛбе қаласы, Қазақстан
Аннотация: Статья рассматривает и повествует идею «Мәңгілік Ел», в
котором будет
идти речь о укреплении национальном самосознании казахского общества и сохранение
национальных ценностей в плане нарастающего тенденции глобализации.
Ключевые слова: Мәңгілік Ел, ҧлттық сана,
мәдениет, идеология, плюрализм,
жаһандану, диалектикалық қҧбылыс.
Қазіргі «Мәңгілік Ел» атты жалпыҧлттық идеяның негізгі тҥп тамыры қиын
кезендерден бастау алады. Себебі сол кезендегі тҥркілердің
негізгі алпауыт Византия,
Қытай, Иран сияқты кӛршілері ӛздерінің идеологиялық бағыттарын анықтаған
мемлекеттер болатын, ал тҥркілердің діни идеологиялық немесе саясат бағытындағы
ҧстанымы жоқшылық кҥйін кешіп жатты. Сол себепті тҥркі даласына оңтҥстік-батыс
елдерінен 8 ғасырдың орта кезінен бастап ислам мен христиан дінінің несториандық
бағыттары Орта Азия жерлеріне келіп орныға бастады. Яғни жатжҧрттық
діндердің
әсерінен кейбір тҥркі меммлекеттері ӛз даму ҥдерістерінде басқа бағыт ҧстанғанын кӛре
аламыз. Ал бҧл ӛз кезегінде тҥркілердің дәстҥрлі дҥниетанымындағы ҧстанымдарын
бҧзбай қоймасын анық кӛрсетеді.
Ел президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»
атты жолдау мақаласы Қазақстан ішінде ҥлкен мәдени серпіліс бергені рас. Сол жолдау
мақаласы аясында тҥрлі іс шаралар ӛткізіліп, жаңғыруды қажет ететін салаларымыз ілгері
даму жолына тҥскен тәрізді. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы қолға алуды қажет
ететін бастамалардың бірі – ол ҧлттық сананы қайта қалыптастыру болып табылады. Сол
ҧлттық сананы қалыптастыру негізінде Мәңгілік ел идеясы жатыр.
Қазақстанды рухани – мәдени жаңғырту дегеніміз ел дамуындағы жаңарған кезең,
жаңғырту кезеңі, оның даму бағытын анықтау; халықтың рухани – адамгершілік және
әдет-ғҧрып дәстҥрін
бірге реформалауға, демеулік етуге ҧмтылу; ҧрпақтың әлеуметтік
әлеуетін арттыратын тетіктер міндеттерді тиянақтау, кӛптің әлеуметтік кҥшін сабақтау;
ҧлттық бірегейлікті
қалыптастыруға қызмет ету, оған нҧқсан келтірмеу. Мемлекеттік
меженің, азаматтық міндеттің және ҧлттық мҥдденің тоғысатын арнасы, осында.
Рухани жаңғыру – Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай ҧлттық тарихты, салт-
дәстҥрді жаңғырту мақсатында атқарылған істердің жалғасы әрі қорытынды межесі деп
айтуға болады [1, б. 120].
Алайда, ҧлттық деген заттай және рухани қҧндылықтарымызды сақтағынымызбен,
ҧлттық сананы қалыптастыру оңайға соқпасы анық. Кҥні кеше ӛзінің ӛмір сҥруін
тоқтатқан КСРО мемлекеті қазақ халқының ҧлттық санасын біраз тығырыққа тіреп, басқа
бір идеология жҥйесінің жетегінде жҥргізуге мәжбҥр етті. Сол замандағы қазақ халқының
Ресей империясының қҧрамына енуі, кӛшпелі мал шаруашылығынан отырықшылық
дәстҥрлерге кӛшіруі, ҧжымдастыру кезеніндегі аштық пен қуғын-сҥргін, соғыс жылдары
және тағы да басқа факторлар қазақтың сағын сындырды деуге келеді.
КСРО кезінде қазақ халқының саясат пен мәдениеттегі теңсіздігі айқын білінді.
Қазақ ҧлтының зиялы тобынан айырылды. Біржақты таптық
идеологияның қысымынан
қазақтар ана тіліне қарсы шықты, ӛз ҧлтының салт-дәстҥрі мен әдет-ғҧрпын жоққа
шығаратын саясатқа енді. Коммунистік партия қазақ тілін қожыратты,
оны рухани