2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет120/174
Дата25.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#40157
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   174
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

«Құқық негіздері» оқу пәні 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 51-1 тармағына сәйкес
10-11-сыныптарда «Құқық негіздері» пәні бойынша сабақтар өткізу кезінде білім 
алушылар санына қарамастан сыныптарды топтарға бөлу, қалалық, ауылдық 
білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі (2020 
жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығымен толықтырулар енгізілген). 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар
 
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүргізіледі. 
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім 
беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, 
оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар 
үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады.
Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты 9-11-cыныпта «Құқық 
негіздері» оқу пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
18.5-кестеде берілген. 
18.5-кесте – 9-11-сыныптарда «Құқық негіздері» пәнін оқытуға бөлінген 
оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Құқық негіздері 

36 

36 
10-11 (ҚГБ)
Құқық негіздері

36 

108 
10-11 (ЖМБ) Құқық негіздері 

36 

72 
✓ 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары 
(ежелгі заман: шамамен 2,5 млн жыл бұрын – V ғасыр); 
✓ 6-сынып –6-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары 
(ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар); 
✓ 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары 
(жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар)
✓ 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары
қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);
✓ 
9-сынып –9-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары 
(қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін)
 


221 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды 
қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін 
пайдалану ұсынылады. 
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022/2023 оқу жылында «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу процесі 
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау 
курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту 
туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (негізгі және оқу 
жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылады. 
2022/2023 оқу жылында 9-сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша 
оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (2017 жылғы «25» қазандағы № 545 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Негізгі орта білім беру 
деңгейінің 9-сыныбына арналған «Құқық негіздері пәнінен үлгілік оқу 
бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. 
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық 
сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін 
мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік 
бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді 
қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты 
- құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты 
азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен 
құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін 
жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту. 
Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, 
мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық 
сананы қалыптастырады.
9-сыныпта «Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық 
және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,
Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде 
құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден 
ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ 
қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет