Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


ХVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан



Pdf көрінісі
бет7/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

4. ХVIII ғасырдың басындағы жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама». ХVIII ғасырдың 20-жылдарының бас 
кезiнде жоңғарлардың Қазақ жеріне кезектi iрi жорық жасауына қолайлы 
жағдай қалыптасты. 1722 жылы жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс 
жүргiзiп келген Қытай императо ры (боғдыханы) Канси қайтыс бол-
ды. Сөйтiп, жоңғарларға Қытаймен бейбiт келiсiм жасасуға мүмкіндік 
туды. Жоңғар билеушiлерi Едiл бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге 
елшi жiберiп, қазақтарға қар сы бiрлескен соғыс қимылдарын жүргiзу 
мақсатын көздедi. Ертiс бойында жақында ғана бой көтерген әскери 
бекiнiс желiсiн нығайту мен әуре болып жат қан Ресей Жоңғар мемлекетiне 
бәлендей қауiп төн дiре алмайтын едi. Оның үстiне, Ресей көршi жатқан 
екi көшпелi мемлекеттiң өзара қарым-қатынасына байланысты бейтарап 
саясат ұстауға тырысты. Қазақ мемлекетiнiң де, Жоңғар хандығының да 
өзара шайқас та әбден әлсiреп, қансырағанын күттi. Өйткенi оған осы лай 
болғаны тиiмдi едi.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


10
1723 жылдың көктемiнде алдағы болатын 
жойқын соғысқа мықтап әзiрленген, әрi қазақ 
хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыды-
рап бара жатқанын пайдалана қойған Цеван-раб-
тан өз әскерiнiң қалың қолын Қазақстанға қарай 
аттандырды. Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшы раған 
Жетiсу мен Ертiс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды 
өртедi, малды айдап әкеттi, бейбiт халықты аяусыз қырып салды. Өйткенi 
жоңғарлардың шабуылы тұтқиылдан басталған болатын. Сондықтан 
амалы қалмаған қазақтар малына да, үй-жайларына да, дүние-мүлiктерiне 
де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды.
Жау әскерiнiң сан жағынан тым басым болғанына қарамастан, қа -
зақ жауынгерлерi тегеурінді қарсылық көр сет тi. Жау қолына ешкiмнiң 
де берiлгiсi келмедi. Әр қазақ өзiм нiң туған жерiмдi, туған-туыстарым 
мен жақындарымды жауыз дұш паннан қорғауға мiндеттiмiн деп ұқты. 
Жауынгерлер шегiне түсiп, қорға ныс соғыстарын жүргiздi. Олар әйелдердi, 
балаларды, қарт тар ды жау дың өкшелеп қууынан құтқару үшiн қырғын 
соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының 
басшылығымен қаланы жаудан бiр ай бойы дерлiк қорғады. Жоңғар-
Ақтабан шұбырынды. 
М. Қаспақтың суреті
Суреттегі оқиғаға қатысты 
негізгі деректерді пайдалана 
отырып, әңгіме құрастыр.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


11
лар Ташкенттен кейiн Сайрам, Түркiстан 
сияқты басқа да қалаларды басып алды. 
Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүр-
гiзуi нәти же сiн де Қазақ станның шөлдi және 
таулы аймақтарынан өзге бүкiл аума ғы iс 
жү зiн де жоңғарлардың қолына қарады. 
Салыстырмалы түр де ал ған да Қазақстанның 
батысындағы алыс аймақтар ғана аман 
қалды. 
Бұл тарихи оқиға Шәкәрім Құдайберді-
ұлының «Қалқаман-Мамыр» дастанында былайша суреттеледі:
Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, 
Қазақ, қалмақ атысқан, мұны да біл. 
Қалмақтың бастаушысы – Суан Раптан,
Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл. 
Шеп құрып соғысыпты қазақ, қалмақ, 
Қорқаққа оңай емес шепке бармақ. 
Бабаңның бес баласы садаққа ұшып, 
Бұл соғыста қазаққа түсті салмақ.
Қазақты ол ұрыста қалмақ алды, 
Үш есенің екеуін қырып салды. 
Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында, 
Арқаға қазақ ауып кетіп қалды. 
Осы жол – бар қазаққа белгілі жол, 
«Ақтабан шұбырынды» дегенің сол. 
Жаяу жүріп табаны аппақ болып,
Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол.
Бұл кезең (1723–1727 жылдар) қазақ тарихында 
«Ақтабан шұ бы-
рынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына ти-
гiзген зардабы, қайғы-қасiретi, аштығы мен қайыршылық халге душар етуi 
өте ауыр болды. Мыңдаған адам қырылды немесе тұтқын ретiнде айдалып 
кеттi. Жүздеген, мыңдаған ауыл қат ты күйзелiске ұшырады. Мал-мүлiк 
талан-таражға түстi, сауда бай ланысы үзiлдi, бiр кезде гүлде нiп тұрған 
қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды.
Қазақтар қырғыннан аман қалу үшiн елдiң батыс аймақтарына қа -
рай жылжып, Жайық бойына дейiн жеттi. Қазақтардың жаппай қо ныс 
аударуы Ресей империясын және оның қол астындағы ларды – башқұрттар 
«Қалқаман-Мамыр» дастанынан 
келтірілген үзіндіден:
– қазақ халқының демографиясына 
байланысты келтірілген деректі;
– жоңғар шапқыншылығы салдары- 
нан орын алған миграциялық үрдісті;
– 1723 жылғы жоңғар шапқыншы-
лығының «Ақтабан шұбырынды» 
аталуының себебін түсіндір.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


12
мен қалмақтардың едәуiр мазасын қашырды. Патша 
үкi метi бiрқатар ке шендi ша ралар қабылдады: ше-
гара күзетi күшейтiлдi, жаңадан әскери бекiнiстер 
салу шаралары қолға алынды. 
Қазақтардың едәуiр бөлiгi Орта Азия мемле-
кеттерiнiң аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сыр-
дария өзенiнен өтiп кеткен Орта жүз рула рының 
көпшiлiгi Самарқан қаласының төңiрегiне, ал Кiшi 
жүз қа зақтарының едәуiр бөлiгi Хиуа мен Бұхар 
хандықтарына көшiп кеттi. 
Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектердi де, қырғыздарды да, 
қарақалпақтарды да шарпығанымен, ең ауыр соққы қазақтарға тиді.
Қазақ халқының басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасі-
реттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды: 
Қаратаудың басынан көш келеді, 
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айырылған жаман екен, 
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді...
Ақтамбердінің мына өлеңі де халық жадында сақталған: 
Жауға шаптым ту байлап, 
Шепті бұздым айғайлап. 
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап.
Ел-жұртты қорғайлап, 
Өлімге жүрміз бас байлап.
Батырлардың Отан қорғаудағы ерлік істерін Үмбетей, Тәтіғара, Бұқар, 
Көтеш т.б. жыраулар жазып қалдырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет