Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Сепаратизм – өзiнше бөлiнiп шығуға, жеке билiкке ұмтылу. Миграция



Pdf көрінісі
бет9/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

Сепаратизм – өзiнше бөлiнiп шығуға, жеке билiкке ұмтылу.
Миграция – адамдардың тұрғылықты мекенінен әртүрлі себептермен басқа 
жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы.
Жұт – қыс қатты болған жылдары аштықтан, суықтан малдың қы ры луы, мал 
өлiмi, iндет.
Қайып (ХVII ғасырдың ортасы – 1719) 
– 1716–1719 жылдары билік еткен қазақ 
ханы. Оның тұсында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісті 
болды.
*
ізден!
«Қазақ қайың 
сауғанда» тірке-
сіне түсініктеме 
бер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


14
Канси (1654–1722) – Қытайдағы Цинь династиясы әулетiнiң екiншi императоры.
Цеван-рабтан (1663–1727) – жоңғар билеушiсi. Жоңғарлардың Қа зақ стан 
аумағына жаппай баса-көктеп шабуылға шығуы соның атымен ты ғыз байланыс-
ты болды.
«Орта жүз қырғыздарына (қазақтарына. – авт.), жоңғарлардың Ертiс пен 
Есiл өзендерi бойында көшiп-қонып жүрген уақ және керей (рулары ның), 
Әбiлмәмбет пен Барақ сұлтандардың иелiгiндегi (жер лерге) 15 000 қолмен шабуыл 
жасауы салдарынан ондағы қырғыздар (қазақтар) өздерi нiң мал-мүлкiн тастап, 
Жайықтың (Оралдың) бойына көшiп кеттi. Қысқа қа рай қалмақтар мен башқұрттар 
жағына өтпек ниетте болды. Ұлы мәр тебелi патшайымға шын берiлген қыр ғыз дар-
ды (қазақтарды) күйзелтiп, мал-мүлкiн талан-таражға салуына ешқандай да жол 
бермеу туралы ал дын ала бұйрық берiлдi».
Крафт И. И. Далалық аймақтардағы қырғыздар (қазақтар) туралы заңдар 
жинағы. СПб., 1901, 8-бет.
1. Қазақтардың Жайыққа қарай көшiп кетуіне қандай оқиғалар әсер еттi? 
2. Жайыққа қоныс аударуға қазақтардың қандай топтары мәжбүр бол ды? 
§3–4.
Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының батырлық дәстүрі мен әскери әдет-
ғұрыптарын талдап, Қарақұм және Ордабасы құрылтайының халықты жоңғар 
басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет