1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПЛОТИН (205–270ж.ж.) — неоплатонизм



Pdf көрінісі
бет136/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ПЛОТИН (205–270ж.ж.) — неоплатонизмді бір жүйеге 
келтіріп, оны өзіндік философиялық бағыт ретінде 
қалыптасуына атсалысқан атақты ойшыл. Оның пікірінше, 
алғашқы мәнділік дегеніміз – даралық, бірақ ол ақыл-ой 
немесе ақыл-ой танымының қарастырар обьектісі емес. 
«Даралық» өзінің эманациясының (төгілу, тарау, шашылу) 
арқасында әлемдік рух – нусты бөліп шығарады. Ал нус – 
әлемдік жандар мен идеялар әлемінің ордасы, шын мәніндегі 
әлем (болмыс). Жалпы, Плотиннің көтерген мәселесі, бір жағынан, алғашқы 
даралық - Құдай болмысынан ақыл-ой, әлемдік жан, жеке адамдардың жаны 
арқылы төмен қарай бейболмысқа (материяға) ұмтылған қозғалыс болса, 


309 
екінші жағынан, адамдар жанының экстаз арқылы құдаймен қосылу үшін 
жоғары қозғалысы. 
ПОППЕР, Сэр Карл Раймунд Поппер (1902–1994) — 
австриялық және британдық философ әрі социолог; XXғ. 
жүзжылдығындағы ықпалды философтардың бірі; еңбектері 
негізінен әлеуметтік және саяси философиядан тұрады; өзінің 
ашық қоғам ұғымымен танымал. Шығармалары: «Ғылыми 
білім логикасы мен өсуі», «Ашық қоғам және оның 
жаулары», 2-томдық, «Тарихшылдықтың қайыршылдығы», 
т.б. Ол өзінің философиялық концепциясын – сыншылдық 
рационализм мен ғылыми білім өсуі теориясын (фальсификационализмді) - 
неопозитивизмге антитеза ретінде қарастырды. Оның ойынша, барлық қоғам 
туралы болжам жасау және оны өзгерту мүмкін емес.
ПРИСТЛИ, Джозеф Пристли (1733–1804) — ағылшын 
философы, Девентри деген жердегі Рухани академияда білім 
алған, жаратылыстану ғылымдарын зерттеген. Фотосинтезді 
ашқан, аммиякты жасап, оттегін ашқан адам. Шығармалары: 
«Материя мен рухты зерттеу жөнінде» және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет