1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


АРТЕФАКТ (латын тіл. ауд. – жасанды істелген) — табиғилықтан тыс,  қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісі.  АРХАТ



Pdf көрінісі
бет171/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

АРТЕФАКТ (латын тіл. ауд. – жасанды істелген) — табиғилықтан тыс, 
қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісі. 
АРХАТ — Көне Үнді философиясындағы ұғым, «жауды жеңуші» дегенді 
білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын бұзатын 
құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды. 
АРХЕТИП (грек тілінен аударғанда – бастау, бейне) — алғашқы үлгі, түп 
нұсқа. 
 
АРХИВИКА — фатализмге бастайтын, әрі Веда беделін мойындамайтын 
ежелгі үнді философиясындағы мектептердің бірі. 
АСПАН — Лао-цзы да заттардың табиғилығын білдіретін Даомен тең ұғым. 
АСХАБ АР-РАЙ — құқық мәселесіне байланысты жеке пікірді 
жақтаушылар. 
АСХАБ АЛ-ХАДИС — қатал дәстүрді, аңызды жақтаушылар. Құқықтық 
мәселеде хадис пен иснаданы ұстаушылар. 
АСКЕТИЗМ (грек тіл. ауд. – жаттығу, ерлік) — саналы түрде табиғи 
қызықтардан, өмір игіліктері мен ләззаттықтан өзін рухани құтқару мен 
жоғары мағыналықты көздеп, адами немесе діни мұраттарға жету үшін бас 
тартып, өткінші дүние құндылықтарын тәркі ету. 
АСТИКА — ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық 
мектептер (Даршандар). 
АСУРАЛАР (миф. «құдайлар емес») — құдайлардың қарсыластары, жын-
перілер. 
АТЕИЗМ — Құдайдың бар екеніне және жоғары Күш иесінің өмір 
сүретініне күмәнмен қарайтын немесе жоққа шығаратын (құдайсыздық, 
дінсіздік немесе кәпірлік) философиялық тұжырымдар жүйесі немесе 
дүниетанымдық ұстаным. 
АТОМИСТЕР — материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің 
негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер – «атомдар» деп білді. 
Басты өкілдері – Левкипп, Демокрит, Эпикур және Лукреций Кар. 
АТРИБУТ — лат. тіл. ауд. - қасиет, баяндауыш. Субстанцияның 
ажырағысыз қасиеті немесе объектінің бар, ажырамас қасиеті. Б.Спинозаның 


340 
философиясында субстанцияның сансыз атрибуттары болады, олардың 
ішінде адам ұзына бойлық пен ойлауға ғана қол жеткізе алады. 
АТХАРВАВЕДА («Жалбарыну, қарғыс айту» Ведасы) — самхиттің соңғы 
төртінші бөлімі; дұға, магиялық өлеңдер оқып «емдеу», көптеген 
сырқаттарды шөптермен емдеудің ережелері. 
АТТРАКТОР (лат. - өзіне тарту, қамту жақындату) — өзіне қарай 
элементтерді тартатын, сөйтіп орталықты құрайтын өзіне тартқыш көптілік 
құрылымы. 
АХИМСА — фәни дүниедегі барлық өмір формаларының бірлігі (демек 
адам, жан-жануар және бүкіл қоршаған табиғаттың бірігуі). Ахимсаның 
басты принципі – өлтірмеу, қоршаған жанды дүниеге зиян, залал келтірмеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет