АНАЛИТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ — бұл психоанализдің өзгертілген
нұсқасы. Шығыстық мәдениеттің тәжірибиесіне жүгіну – йогаға,
медитацияға, символикаға, бейсаналықтың аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Фрейд зерттеген жеке бейсаналыққа ұжымдық бейсаналық қосылды. Ол жеке
өмірлік тәжірибие негіздемейтін, бірақ қай мәдениетке жатпасын, қай дәуірде
өмір сүрмесін, әрбір адамның психикасында болатын психиканың мазмұны.
Бұл феномен өзіндік заңдары мен тілді иеленеді, ол ұжымдық
бейсаналықтың архетиптері, белгілі бір әуелгі бейнелер, әуелгі символдар,
барлық
халықтардың
фольклорында
кездесетін
ортақ
сюжеттер.
Аналитикалық психологияның негізін Фрейдтің шәкірті, швейцарлық
психолог және культуролог Карл Густав Юнг қалаған.
АНАЛОГИЯ (грекш. – ұқсастық, сәйкестік, пропорция, тепе-теңдік) —
белгілі бір параметрлер бойынша әртүрлі обьектілердің сәйкес келуі.
Аналогия деп жеке затқа айқындалған белгінің тән болуын басқа жеке заттың
мәнді белгілерімен сәйкестігіне, ұқсастығына негізделген тұжырымды
айтады.
АНТИТЕЗИС — гр. тіл. ауд. - қарама-қарсы қою. Г.В.Ф.Гегельдің
философиясында - диалектикалық даму барысындағы қарама-қарсы қою –
бастапқы оң жағдайға, яғни тезиске қарама-қарсы қойылатын теріс жағдай.
АНТИҒЫЛЫМИ БІЛІМ— шындық туралы саналы түрде бұрмаланатын
және утопиялық білім. Бұл білім әлеуметтік тұрақсыздық кезеңдерде пайда
болады.
АНТИКВАРИЗМ — бұрын өткен ғылым тарихын қазіргі заманғы тілмен
сөйлетпей, сол қалпында қалдырып түсіндіру.
АНТИНОМИЯ — гр. тіл. ауд. - заңды қайшылық, қарама-қарсылықты
білдіретін аффикс және заң. Яғни, бір мезетте дәлелге келетін және жоққа
шығарылатын екі бірдей қарама-қайшы тұжырымдардың қақтығысы.
Формальдық және мазмұндық антиномиялар жеке қарастырылады.
Алдыңғылары алынып тасталса, екіншілері шешілуі тиіс.
АНТРОПОЛОГИЯ — гр. тіл. ауд. - адам дегенді білдіреді, яғни адам жайлы
философиялық ілім. Ал қазіргі философиядағы антропологиялық бетбұрысты
белгілейтін бағыт, яғни онда адам мәселесі философиялық теориялар үшін ең
басты мәселе болады. Қазіргі философиялық антропологияның негізгі міндеті
– адам туралы барлық білімді, барлық ғылыми пәндердің білімін –
философияның, діннің, өнердің білімін біріктіретін әмбебап ғылымды жасап,
негіздеу. Бұл теория адамның негізгі идеясын басшылыққа алуы тиіс, оның
мәні бойынша, адам ең жоғарғы қағиданы – рухтың және рухтанған жанның
338
иесі ретінде рухани мүддені өмірдің мүддесінен жоғары қоятын Ғарыштағы
жалғыз жаратылыс. Қазіргі философиялық антропологияның негізін неміс
ойшылы - Макс Шелер қалаған.