ДІҢГЕКТІК УАҚЫТ (КІНДІК УАҚЫТ немесе КІНДІК КЕЗЕҢ) —
К.Ясперс енгізген ұғым. «Осы дүниежүзілік тарих діңгегін б.д.д.500ж.ж.
шамасынан белгілеу керек шығар, сонда біз б.д.д. 800-200ж.ж. арасындағы
рухани процеске тап боламыз. Сонда тарихта ең шұғыл бетбұрыс болды.
Бүгінгі күнге дейін жеткен адам түрі пайда болды. Осы уақытты біз қысқаша
діңгектік уақыт деп атаймыз» (Ясперс К. Смысл и назначение истории. М-
1991.434-бет). Осы заманада бір уақыт шамасында грек философтары,
Азияның діни-философиялық дәстүрі, т.б. өмір сүрді.
ДІЛ (МЕНТАЛИТЕТ)— лат. тіл. ауд. ақыл, ойлау, жанның сипаты.
Ұжымдық және жеке сананың терең деңгейі, бұған бейсаналық та кіреді. Діл
– жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтың әлемді қабылдауын анықтайтын
нұсқамаларының, құндылықтарының, таңдауларының жиынтығы. Діл
мәдениет аясында ұлттық дәстүр мен салттарды, сондай-ақ әлеуметтік
нормалар мен талаптарды игеріп қалыптасады және өзі мәдениеттің бұл
феномендеріне белсенді түрде әсер етеді.
ДЭ — жоғарыдан туындайтын игілік, түпнегіз «Даоны» қоршаған дүниеге
айналдыратын
–
энергия,
күш.
Қытай
философиясының
іргелі
категорияларының бірі. Кейде кармаға барабар нәрсе ретінде түсіндірілген.
Ең жалпы мәнде әрбір жеке тұлғаның немесе заттың тіршілік ету тәсілін
қамтамасыз ететін негізгі қасиетті белгілейді. Жеке қасиет болғандықтан Дэ
шартты нәрсе болады, сондықтан біреулер үшін «игілік» болатын нәрсеге,
басқалар жағымсыз баға беруі мүмкін. Сондай-ақ дэ дәстүрлі қытай діні –
даосизмнің негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. «Дао дэ цзин» деген
классикалық даостық мәтінде дэ Дао – жолының игі қуаты ретінде түсініледі.
Қытай тарихнамасына сәйкес дэ-ні иелену не жоғалту әулеттік циклдердің
қозғалыс заңдылығының негізінде жатады.
ЕВРАЗИЯШЫЛДЫҚ— ХХғ. 20ж. ресейлік эмигранттар арасында пайда
болған тарихи–мәдени тұжырымдама және оның негізінде қалыптасқан
қоғамдық–саяси ағым.