351
ұмтылыстардың,
тірі
мақлұқтың
негізі
және
оның
санасының
талпыныстарының жиынтығы.
ЖЕТІ-ДАНЫШПАН
—
философия
тарихында
Ежелгі
Грекия
философиясына байланысты «Жеті Данышпан» - Фалес, Солон, Периандр,
Клеобул, Хилон, Биант және Питтактың аттары аталады.
ЖИХАД (арабша – Құдайға қарай барар жолдағы ынталану, күш салу) —
жалпықабылданған мән – діни ақиқатты қалыптастыру жолындағы күрес.
Жүрек жихады, тіл жихады, қол жихады, қылыш жихады болып бөлінеді.
«Біз ұлы Жихадқа кірісу үшін кіші Жихадтан келдік» деген атақты хадистің
нәтижесіне қарасақ, ұлы Жихадтың жеке адамгершілігіңді іске асыру
жолындағы ұмтылыс пен күш салу деген түсінік бар. Әскери агрессия
мәнінде жиі қолданылатын тұжырым ретінде қылыш жихадын түсіндіп
кетсек, негізінде – қылыш жихадының әскери мәні асыра айтылған. Құран
сүрелерінде ол әскери-саяси жағдайындағы қолдануды қажет ететін өлшем
ретінде есептеледі. Құранның 8-ші сүресінде 61 - «Әл-Анфаль» (Олжа)
аятында жихадтың гуманистік мәні айтылған – «егер дінге сенбеушілер
соғыстан бас тартып, бейбітшілікке бейімдесе, сонда оларға сен де бейімде.
Сен үшін соғыс – мақсат емес қой. Сен өзіңді және діншілдерді
қарсыластарыңнан қорғау үшін шығып отырсың ғой... Әрі Аллаға тәуекел
ет...». Бүгінде, жихад қылышы қарсы шығу емес, қорғаныс ұғымында, ал
жихадтың өзі адамгершілік «сапар», қайырымдылық, рухани мағыналарында
түсіндіріледі.
ЖҮЙЕЛІК — (грек., система – бүтіндік, бөліктерден құралған, қосынды)
әдіс – обьекттерді система, жүйе ретінде қарастыратын жалпығылыми
методологиялық принциптер (талаптар) жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: