1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет196/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

МАГИЯ, СИҚЫР (грекш. – сиқыршылық) — белгілі әрекетке және 
сөздерге кереметтей қасиет беріп дәріптеуші ерекше күш. 
МАЙЯ — қиял. Қиялдағы нысанға ұқсас, көруге мүмкіншілікті анықтайтын 
ұғым. Осы күштің арқасында Құдай ұлы сиқыршы ретінде өзінің барлық 
таңқаларлық нысандарымен бірге құбылыстар әлемін қиялдауға шақырады. 
Надан әлем көрінісін шындық ретінде қабылдайды, бірақ осы көріністі түгел 


363 
көре отырып, одан Құдайдан – осы қиялдың артында жасырынып тұрған 
тұтас шындықтан басқа ештеңені таппаған дана адам болып табылады. 
МАҚАЛ-МӘТЕЛ — дәстүрлі танымның ситуациялық философиясы. 
Ритуалдан тыс жағдайда туып, халықтың жеке тұлғалық қиялына
пайымдалуға тиісті белгілі жағдайдың пайда болуына байланысты. 
МАРГИНАЛДЫҚ (латынш. – шет, жиектегі, шекарадағы) — қоғамдағы әр 
түрлі процестердің нәтижесінде (көш–қон, этномәдени әрекеттестіктер, 
қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда болатын өзге 
мәдениет. 
МАРКСИЗМ — К.Маркстің іліміне қатысы бар философиялық, 
экономикалық және саясаттаулық ағымдардың жалпылама атауы. 
МАРКСИСТІК-ЛЕНИНДІК ФИЛОСОФИЯ — советтік ресми философия. 
В.И.Ленин, К.Маркс пен Ф.Энгельстің ілімін жаңа жағдайда дамытқан болып 
есептеледі. Батыс Европа елдерінде капитализм дүниеге келген кезең 
болатын. Капитализммен бірге тарихта пролетариат пайда болды. Оларды 
ұйымдастыру, саналы етіп дайындау, теориялық жағынан қаруландыру қажет 
болды. Бұл бір. Екіншіден, жаратылыстану ғылымындағы ашылған үш үлкен 
жаңалық: а) клетка теориясы; б) энергияның сақталу және өзгеру заңы; в) 
Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі - дүниеге диалектикалық логика тұрғысынан 
қарауға мүмкіндік берді. Үшіншіден, теориялық алғышарттардың әсері 
болды. Бұған ең алдымен адам баласының әлеуметтік теңдік болуын 
көксегені жатады. Осыған орай социализм туралы түрлі теориялық 
ілімдер пайда болды. К.Маркс пен Ф.Энгельс осы жағдайлардың бәрін ой 
елегінен өткізіп, талдап, екшей келіп, жаңа ғылыми теорияның негізін 
жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет