1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет192/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

КОНСТЕЛЛЯЦИЯ — философияға Т.Адорно енгізген және астрономиядан 
алынған термин. Ол жұлдыздардың жылжып отыратын орталықты 
айналатын қосарлы қозғалысты белгілейді. Бұл терминмен Адорно мәдениет 
пен рационалдылық типінде болып жатқан өзгерістерді – ұғымдар мен 
феномендердің қатаң иерархиядан бас тартуы және олардың констелляцияға 
ұқсас еркін арақатынасқа өтуін көрсетеді. 
КОСМОГОНИЯ (грекш. – дүние, әлем, ғарыш) — астрономия ғылымының 
үлкен бір бөлімі, космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы 


359 
саласы. Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мифте аңыз боп 
айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы 
айтылады. 
КОСМОПОЛИТИЗМ (грекш. - «әлем азаматы») — мәдениеттанудың 
әлемдік азаматтық идеологиясын білдіретін ұғым – термин. Антиктік дәуірде 
қалыптасып, ХІХғ. қолданысқа енді. Ұғымның негізінде әлемдік мемлекет 
қалыптастыру немесе мемлекеттердің әлемдік федерациясын құру идеясы 
жатыр. Космополитизм идеологиясына, сондай–ақ, жалпыадамзаттың 
мәдениетті қалыптастыру, дамыту және әлемдік глобальды мәселелерді 
шешу жатады.
КОСМОС (грекш. – ғарыш, әлем, ғалам) — ежелгі грек философиясында 
әлемнің әсем ұйымдасқан жүйе ретінде тұтас бүтіндігін көрсететін термин. 
Қазіргі таңда әлемді айқындаудың синонимі ретінде қолданылады. Жақын 
космос жер мен оның кеңістігін қарастырса, алыс космос жұлдыздар әлемі 
мен галактиканы қамтиды. 
КОСМОЦЕНТРИЗМ — қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, 
тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер 
ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсіндірілетін философиялық 
көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және 
Ежелгі Грекия).
КРЕАЦИОНИЗМ — латынш. – «жарату». Құдайдың әлемді ештеңеден 
жаратуы туралы діни доктрина (оны кейбір философиялық ілімдер де 
қолдаған). 
КРИТИЦИЗМ — философиялық және ғылыми-теориялық ойлауға тән 
ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық 
өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның 
міндеті – ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған 
теорияларды теріске шығару деп пайымдайды. 
КӨЗҚАРАС — метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің 
жиынтығы, обьективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін 
қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және 
олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының, 
құндылықтық бағыттарының жүйесі. 
КУЛЬТ–ҒИБАДАТ (латынш. – күтім, құрметтеу) — ерекше тылсым күшке 
сену бағытында жасалатын қимыл, әдет–ғұрып, салт–жоралар жиынтығы. 


360 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет