1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет227/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ФОРМА және МАТЕРИЯ — Аристотель философиясының категориясы. 
Оларды кейбір философиялық бағыттар мен жүйелер қабылдаған.
ФОРМАЛИЗМ (фр. – форма, пішінге қатысты) — шығарманың пішініне 
артық мән бергенсіп, мазмұнды мансұқ ететін ағым. 
ФОРМАЛИЗАЦИЯ — мазмұнды білімді таңбалық-символдық түрде, 
формализмде немесе формализацияланған тілде бейнелеу (Гильберт). 
Формализацияланған тұжырымда әрбір символ (рәміз-таңба) қатаң 
белгіленеді. Формализация есептеу құрылғыларын алгоритмизациялау мен 
бағдарламаландыру процесі үшін де және сөйтіп тек ғылыми техникалық 
емес, сонымен бірге өзге де білім формаларын компьютерлендірудің де негізі 
болып қызмет атқарады. Формализация процесіндегі ең бастысы – жасанды 
тілдер формуласымен операциялар жасау және одан жаңа формулалар 
мен қатынастар алу. Сөйтіп, нәрсе туралы ойлау операциясын белгі мен 
символдармен әрекет ету үрдісімен ауыстырылады. Формализация – 
мазмұны жағынан ажыратылатын формаларды жалпылау процесі, осы 
формалардың өзінің осы мазмұнынан абстракциялануы. Ол мазмұнды оның 
формасын анықтау арқылы бітімдейді және оны әртүрлі дәлдік дәрежесінде 
жүзеге асыра алады. Австриялық логик әрі математик К.Гедельдің 
теоремалары жалпы алғанда ғылыми тұжырымдар мен ғылыми білімдердің 
толықтай формализациялануының мүлде мүмкін еместігін жеткілікті түрде 
қатаң негіздеп берді. 
ФРАНЦУЗ 
АҒАРТУШЫЛАРЫ 
— 
XVIII 
ғасыр, 
(Ф.А.Вольтер, 
Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо және т.б). Олар өздері қойған: қоғам мен 
табиғаттың арақатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, 
т.б. сол сияқты сұрақтарға терең де қанағаттанарлықтай жауап бермесе де, 
өздерінен кейінгі, әсіресе неміс ойшылдарын осы қойған сұрақтарға басқа 
қағидалар негізінде болса да, жауап іздеуге итермелейді. Мысалы, француз 
ағартушылары адамды табиғаттың және қоғамдық өмірдің жемісі деп қарап, 


392 
ал қоғамдық өмірдің өзі адамдардың материалдық (өрескел саудагерлік 
мағынасында) іс-әрекетінің нәтижесі деген тұжырымға келсе, неміс 
ойшылдары бұл идеядан бас тартып, қоғамның да, адамның да табиғаты 
рухани іс-әрекет негізінде қалыптасады дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет