388
екіншіден – табиғат, мән, табиғилық, үшіншіден – астрономиялық және
метеорологиялық нысандар мен құбылыстарды ұстап тұратын аспан,
төртіншіден – уақыт пен кеңістікке сәйкес келетін және жерге қарама-қарсы
(ди) болатын, әлемді құрайтын – Аспан – Адам – Жер үштігіне (сань цай)
кіретін ғарыштың негізгі құрылымдық элементі.
У СИН — дүниенің жаратылысы: ағаш, от, жер, металл, су сияқты
элементтерден тұрады деген қытай философиясындағы түсінік. Қытай
философиясының негізгі
категорияларының бірі, ғаламның негізгі
өлшемдерін анықтайтын бес мүшелі құрылымы. Философиядан басқа,
дәстүрлі қытай медицинасында, бал ашуда, жауынгерлік өнерде,
нумерологияда қолданылады. У-синге бес класс (
Ағаш, От, Жер, Металл
және
Су) кіреді, олар барлық заттар мен құбылыстардың жағдайы мен өзара
байланысын сипаттайды. Стихиялардың тізбегі «Шу цзин», канонында, «Хун
Фань» тарауында берілген. У-синнің алдында келесі жағдайлар болады–
Әуелгі хаос, (хунь дунь), Шексіздік (у цзи), Ұлы шекара (тай цзи), Инь –Ян.
Бес элементке екі негізгі циклдік өзара әрекет тән, өзара туындау және өзара
еңсеру. Өзара туындаудың
мәні мынада – Ағаш Отты, От Жерді, Жер
Металлды, Металл Суды, Су Ағашты туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: