ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ — сапалық жаңа, бұрын ешқашан болмаған бірдеңе
тудыратын қызмет.
ШУ ЦЗИН («Тарих кітабы» немесе «Құжаттар кітабы») — Конфуцийшілдік
«Бес кітап» құрамына кіретін қытайдың классикалық кітаптарының бірі. Ол
Қытайдың ежелгі тарихына қатысты құжаттарды қамтиды, олардың
редакциясын Конфуций жасаған, ол өзіне жеткен құжаттарды ретке келтірген
және олар қытай тарихы мен мифологиясының ең көне қабаттары болып
саналады. Кітапта мемлекетті мінсіз басқару туралы пайымдар бар. Шу цзин
58-тараудан тұрады, оның 33-тарауы б.д.д.VI-ғасырдың құжаттары ретінде
танылған.
ЭВРИСТИКА(грекш. – табамын) — теоретикалық зерттеу мен ақиқатты
іздеудің логикалық тәсілдері мен методологиялық ережелерінің жиынтығы.
«Эвристика» терминін ежелгі грек ойшылы Папп Александрийский алғаш
рет қолданды (б.д.д. III-ғасыр).
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЭПИСТЕМОЛОГИЯ — танымның, оның формалары
мен механизмдерінің дамуының генезисі мен кезеңдерін эволюциялық
тұрғыда анықтау және сонымен бірге осы негізде бірегей ғылымның
эволюциялық теориясын жасақтау (К.Лоренц, Д.Кэмпбелл, Ж.Пиаже,
Г.Фоллмер).
ЭЗОТЕРИЗМ (ағылш. – жұмбақ, белгілі адамдарға ғана анық жасырын сыр)
— ұстаздан таңдаулы шәкіртке ауызба-ауыз таралатын ілім. Мысалы,
Пифагордың ілімі осылайша таралған. Бұл ұғым экзотеризмге, яғни
қоғамдық дәрежесі бар ілімге қарсы. Әрбір терең ілімде эзотериялық тек
таңдаулыға және экзотериялық жалпыға арналған нұсқалары.
ЭКЗИСТЕНЦИЯ(лат. – өмір сүру) — экзистенциалистердің термині.
Экзистенция – үздіксіз қалыптасудағы, бірегей және қайталанбайтын жеке
болмыс. Экзистенцияны ұғым арқылы жеткізу мүмкін емес, өйткені ол
рухани актілердің жиынтығы болады, онда үрей, түңілу, шығармашылық
396
ұмтылыс, махаббат бар. Экзистенцияның рухани шындыққа тиістілігі оның
абсолютті еркіндікке, яғни өнегелі таңдау әрекетіне және кейінгі әрекеттік
игілікті жасауға деген қабілетімен дәлелденеді.