ЭЛЛИНДІК ЖӘНЕ РИМДІК ФИЛОСОФИЯ — антика философиясындағы
эллиндік кезең б.д.д. шамамен VIғ. орт. б.д.V-IVғ.ғ. аралығын қамтиды.
Эллиндік және римдік философияға ежелгі грек және Шығыс халықтарының
(әсіресе Кіші Азия) өте бай рухани байлықтарының әсері зор болғандығы
белгілі. Әсіресе Шығыс халықтарына тән мистикалық әдет-ғұрыптар,
астрология, гороскоп, т.б. да сенімдерін, Шығыстың кейбір құдайларын
(Исида – Даметра, Кабела (Жер-Ана) - Афродита, Артемида, т.б.) өз
құдайлары ретінде мойындап, оларға табыну сияқты діни сенімдері Грекия,
рим халықтарының сол кездегі мәдениетінің өзектілерінің бірі болды. Діндегі
сияқты, философияда да жеке тұлға мәселесі алдыңғы шепке шығып, жалпы
этикалық проблема ретінде көптеген ойшылдардың еңбектерінде көрініс
тапты. Б.д.д.IV-IIIғ. осы проблемаларға жауап іздеген негізгі екі
философиялық ағым пайда болды. Олар стоиктер мен эпикуршылардың
философиялық ілімдері еді.
ЭМАНАЦИЯ(латынш. – ағу, таралу) — неоплатонизмде жасалған
философиялық ұғым, ол Ғарыштың ең жоғарғы және кемел сатысынан
төменгі және бейкемел сатыларға түсуді білдіреді.
ЭМПИРИЗМ (гр. тіл. ауд. – тәжірибие) — көбінесе тәжірбиеге сүйенетін,
сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс пен
бағыт (Тәжірбие мен сезімдік түйсікте болмаған нәрсе, ойда да болмайды).
ЭНТЕЛЕХИЯ — Аристотельдің қоршаған шындықты және кез-келген
заттың кемелдігін білдіру үшін және сол затты әлеуетті күйден нағыз өмір
сүруге келтіріп, болмыста ұстап тұратын нәрсені белгілеу үшін енгізген
ұғымы (сөздің өзі неологизм болып табылады).
ЭНЦИКЛОПЕДИСТЕР ІЛІМІ— атақты француз «Энциклопедиясын»
шығару барысында (1751-1788ж.ж.) сол кездегі табиғаттану ғылымдарының
жетістіктеріне сүйенген бір топ ойшыл ғұламалардың дүниетанымдық
көзқарастары дүниеге келді. Негізгі өкілдері мен олардың еңбектері: Дени