256
АЙМАУЫТОВ,
Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) —
қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ
әдебиетін қалыптастырушылардың бірі әрі қоғам қайраткері.
XXғ. бас. қазақ зиялыларының қатарында болып, «Алаш»
ұлттық-мемлекеттік құрылым идеясын ұстанушылардың бірі.
Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан
қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ-қарасын парықтауға
арналған.
АЙТАЛЫ,
Амангелді Әбдірахманұлы Айталы (1939) —
қазіргі қазақ философтарының бірі. Ресейдің Астрахан
облысы, Володар ауданы Болдырево селосында туып-өскен.
Гурьев (қазіргі Атырау) педогогика институтын (1964) және
ҚазМУ-дың (1968, қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітірген.
Философия ғылымдарының докторы (1996), профессор (1996),
ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996).
Ақтөбе мемлекеттік университетінде аға оқытушы, декан, философия
кафедрасының меңгерушісі, проректоры (1968–99) қызметтерін атқарған.
100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
(1999–2004) болды. «Парасат» (2001) және «Құрмет Белгісі» ордендерімен,
медальдармен марапатталған. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.
Шығармалары: «Ұлттану», -Алматы, 1999ж.
Достарыңызбен бөлісу: