1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет75/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

АҚТАМБЕРДІ-ЖЫРАУ, Ақтамберді Сарыұлы (1675–1768) 
атақты жырау, Ел үшін тек жыр арнап қана қоймай, жауға 
шапқан ер. Ақтамберді шығармалары нақыл сөздерге, 
афоризмдік толғауларға толы. Қазақтың болмысы, тіршілік-
тынысы, ерекшеліктері, сол кездегі тарихи оқиғалар оның 
толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ол бүкіл ел мүддесін, 
ру, ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді 
ерлікке, бірлікке шақырады. Ақтамберді өзінен бұрын өткен Доспамбет, 
Шалкиіз дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы. Ақтамберді жырларында 
көшпелі қазақтардың ой-арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар 
болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. Бұған 
жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ толғауы дәлел.
АЛТАЙ, Жақыпбек Алтай (1948) — философия ғылымының 
докторы (1997), профессор (1998). Ташкент мемлекеттік 
университетiнiң философия және экономика факультетiн 
бiтiрген (1972). Қазақ философиясы, мәдениет тарихы мен 
теориясы мәселелерiн зерттеумен шұғылданады. 50-ден астам 
ғылыми мақалалары, 2 монография, 4 оқулық, бес оқу құралы 
жарық көрген. Шығармалары: «Қазақ философиясының 
тарихына кіріспе» (1994), «Қазақ даласының ойшылдары IX-XIIғ.ғ..» (1995), 
«Қазақ философиясы» (1996), «Философия және мәдениеттану» (1998), 
«Қазақ халқының рухани мұралары» (1998), «Философия тарихы» (1998), 
«Основы философии» (2001) және «Философия» (2004) атты еңбектері бар. 
АЛБАН-АСАН, Асан Бармақұлы (1866–1916) — қазақтан шыққан «Зар –
Заман дәуірі» кезеңіндегі атақты ақын. Өз дәуіріндегі сауатты болған және 
молда болған. 1935ж. «Ақыр заман» деген атпен еңбектері (І.Жансүгіровтың 
көмегімен) баспа көрген. Жинаққа кірген өлеңдерінің дені өз заманының 
әлеуметтік тіршілігін суреттеу, Ресей империясы тұсындағы орыс 
патшасының отаршылдық саясаты зардабынан шұрайлы жерінен айырылған 
елдің мұң-зарын жырлауға арналған.


258 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет