АРИСТИПП (б.д.д.435–355ж.ж.)
—
гедонистік
философияның негізін қалаушы, гректердің арасынан
шыққан ұлы ойшыл. Оның көзқарасының қалыптасуына
Сократтың ілімімен қатар софизмнің де әсері болды. Жалпы,
киниктер материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік
өмірді уағыздаса, гедонистік мектептің өкілдері өмірде өз
түйсіктерінің мәліметтерін басшылыққа ала отырып, сезімдік
қуаныштарға, ләззатқа берілу керектігін уағыздады. Ал
ләззат, бақыт дегеніміз – минуттық сезімдік қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану керек.
Өмір қайғы-қасіретке толы болғандықтан, өмірмен қатар өлім де тартымды.
Тек қана байлыққа, даңққа құмарту – ақылсыздардың ісі, ал данышпан болса,
оған өмірде не болып жатқанының бәрібір. Бай ма, кедей ме, ерікті ме, еріксіз
бе, т.б.
АСАН-ҚАЙҒЫ, Асан (Хасан) Сәбитұлы (1361–1469) —
қазақ арасынан шыққан атақты ақын, хан кеңесшісі әрі
қазақтың болашағын ойлаған - Ұлы Дала ойшылы. Оның
«Жерұйық» іздеу идеясы – баршаға жайлы һәм әділетті
қоғам орнату жөніндегі адамзаттық аңсармен үндес
әлеуметтік-саяси әрі философиялық ұлы идея. Асан
ойларының енді бір өзегі – адам мен қоғам, табиғат пен
тіршілік тақырыбы. Ол өз толғауларында, шешендік
сөздерінде хандық мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру
қажеттігін насихаттайды. Жәнібек хан заманындағы қоғамның әдет-ғұрып,
мінез-құлық (мораль философиясы) мәселелерін көтереді. Өзінің ғұмырын
туыстас руларды бір орталықты, қуатты мемлекет етіп ұйыстыру жолына
арнайды (ағартушылық көзқарастары).
АФГАНИ, Жамал-ад-Дин әл-Афгани (1839–1897) — қазіргі заманғы
мұсылман философиясының өкілі. Исламдық модернизмнің негізін қалаушы.
Ілімдерінің көбісі панисламизм теориясына кірді. Әлеуметтік-саяси
философияда ол қоғамды қайта құру мәселесін көтерді. Мұсылмандық
біртұтас халифат құру идеясы: «таза» исламды қайта құру, экономикалық
және әлеуметтік әділетсіздікті жөнге келтіру, үздіксіз білім беру процесі
идеяларымен тұрақтандыру. Шығармалары: «Материалистерді теріске
262
шығару» (Натуралистерге жауап). Рашид Рида: «Афгани - ол саясаткерді
жеңген теолог» деген.