263
БАБЕФ,
Франсуа Бабеф, лақап аты
- Гракх Бабеф (1760–
1797) —
бірінші коммунист - теоретик және практик. XIX-
XXғ.ғ. Бабефтың коммунистік қоғам және қарулы көтеріліс
туралы ілімі –
бабувизм деген атауға ие болды.
Басты
идеялары: ол барлық философиялық теорияларды қатаң
сынады, өйткені олар халыққа пайдасы жоқ деп санады және
де өз заманындағы қоғам мен мемлекетті батыл сынға алды,
ондағы пайда болған жекеменшікті – әлеуметтік зұлымдық деп есептеп,
коммунистік (тапсыз) қоғамды кедейлердің байларға қарсы революциялық
әрекет жасап, күш қолдану керек деп санады.
БАБЫР,
Бабыр Заһир ад-дин Мұхаммед (1484–1530) — атақты қолбасшы,
көрнекті ақын, әйгілі жазушы, философ, қоғам қайраткері.
Басты
шығармасы: «Бабырнама».
БАЙТҰРСЫНОВ,
Ахмет Байтұрсынұлы (1873–1938) —
ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист,
педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. «Алаш» ұлттық-
мемлекеттік құрылым идеясын жақтаған. А.Байтұрсынұлы
қазақтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп,
жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке,
адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.
Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатына
қарсы шықты.
Достарыңызбен бөлісу: