1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет86/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

БЕРКЛИ, Джордж Беркли (1685–1753) — ағылшын 
философы, өзінің спиритуалистік философиядағы жүйесімен 
танымал; Ирландиядағы Клойндық епископ. Шығармалары: 
«Адам білімінің принциптері туралы трактат», «Танымның 
бастамасы туралы трактат», «Жаңа теория тәжірбиесі», 
Алсифрон, Сейрис және т.б. Берклидің ілімі бойынша, 
«жалпы материя» деген бос сөз. «Үшбұрыш» деген жалпы 
ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да 
болмайды. Ал жеке материалдық денелер Құдайдың ойында идея ретінде 
өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның 
және «меннің» түп негіздері.
БЕРТАЛАНФИ, Людвиг Фон Берталанфи (1901–1972) —
австриялық биолог (1949 жылдан Канада және АҚШ-та 
тұрған), «Жүйелердің жалпы теориясы» деген атауға ие 
болған жүйелілік тұжырымдаманың негізін қалаушы. 
Берталанфи 
жалпы 
жүйелер 
теориясының 
шығуын 
механицизм 
және 
витализмнің 
арасынан 
туындаған 
қақтығыстардың нәтижесінен көреді. Дегенмен, екеуі де 
қабылданбады: біріншіден – тривиальді түрде, екіншіден – 
жалпы ғылыми еместігімен. Шығармалары: «Общая теория систем — 
Критический обзор», 1969; «Общая теория систем — обзор проблем и 
результатов», 1969; «Общая теория систем», 1968; 
БЕРН, Эрик Берн (1910–1970) — американ ойшылы әрі 
психиатры. Трансакциялық талдау (адамдар арасындағы 
қарым-қатынас анализі) тәсілінің негізін қалаушы. Адамдар 
арасындағы қарым-қатынас жүйесін терең әрі жан-жақты 
зерттеу жұмыстарына көп творчестволық күш-жігер 
жұмсаған 
тұлға. 
«Трансакциялық 
талдау 
жөніндегі 
халықаралық 
ассоциация» 
құру 
жұмысына 
белсене 
араласушы. Шығармалары: «Адамдар ойнайтын ойындар» 
(1966), «Адам махаббатында секстің алатын орны» (1970), «Ойын ойнаушы 
адамдар» (1972) және т.б.


267 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет