Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы


Ойлаған әрбір ойыңды іске асырып, жайландыр



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Ойлаған әрбір ойыңды іске асырып, жайландыр, 
Әрекетті істеген – әдетіңе айналдыр. 
Әдетің мен мінезің қалыптасып ӛседі, 
Қалыптасқан мінезің тағдырыңды шешеді, -- дегендей, ойды 
тҥзеу керек, ол әрекетке айналады, жақсы әрекет – жақсы әдеттің 
бастауы. Ал ҥнемі жақсы істер істеуге әдеттенген адамның жақсы 
нәтижеге жететіні ғылымда дәлелденген. 
Жолы болмағыштар уақытты бағаламайды. Кез келген табысты 
адам сізге уақыттың ең қҧнды ресурс екенін айтады. Тіпті жетістікке 
жеткен адамдар уақытты ақшадан жоғары қояды. 
Ал сіз немен айналысасыз? Twitter-дегі лентаны оқыдыңыз, 
«Facebook» 
пен «ВКонтактеде» суреттерге лайк бастыңыз. Осылайша 
алтын уақытыңызды болмашы дҥниедерге сарп еттіңіз. 
Бірақ әр жыл сайын ӛзіңізге жоспар қҧрасыз. Әр жыл сайын 
ӛзіңізге «осы жылы жҧмыс жасап, жағдайым жасап аламын» деп уәде 
бересіз. Әр жыл сайын әртҥрлі арман. Сіздің жоспарыңыз ешқашан 
орындалмайды. Ӛйткені, орындалуы тиіс міндеттерге қажетті уақыт 
бӛлмейсіз. Уақытты басқаруды ҥйреніңіз, «жоқ» деп айтуды ҥйреніңіз 
— бҧл сіздің ӛміріңіздегі кез келген ортада жетістікке бастаушы сәтті 
қадамдардың бірі болмақ. Ештеңені ертеңге қалдырмаңыз, әрбір сәтті, 
уақытты бағалай біліңіз! 
 
 


Жалқаулыққа жоқ дейік! 
 
Жалқаулықты жеңіп және ӛміріңізді ӛзгерткіңіз келсе, жалқау 
екендігіңізді мойындаңыз. Егер логикалық жағынан қарасақ, 
жалқаулық деген шынымен жоқ, ӛйткені біз ҧзақ уақыт жай жата 
алмаймыз, ол мҥмкін емес. Ӛйткені біз жҥреміз, тамақ ішеміз, 
демаламыз, ойлаймыз, бҧны жалқаулық деп айтуға болмас.
Шынымен жалқаулық дегеніміз, адамның мақсатына жетуге 
бағытталған істі аяқтамауы. Адам бақытқа және нәтижеге жету ҥшін ӛз 
ісімен айналысуы керек. Сондықтан да мақсатыңа жету ҥшін ӛз 
ісіңізбен айналысқаныңыз жӛн. 
Ӛз еркіңді жеңу ӛте қиын. Яғни, қаламай тҧрған істі істеу 
немесе қалап тҧрған нәрседен ӛзіңді тию тек ерік-кҥшін басқара 
алатын 
адамдардың 
ғана 
қолынан 
келеді. 
Мәселен, 
алдыңызға арықтаймын деп мақсат қойдыңыз, бірақ, еркіңізді жеңе 
алмай «бҥгінше жей тҧрайын, ертеңнен бастап диетаға отырамын» 
дейсіз. «Еріншектің ертеңі таусылмайды» дегендей ертеңіне тағы да 
осылай жалғаса береді. Бірақ, қанша уақыт сырғып ӛтсе де дегеніңізге 
жете алмайсыз. 
Ӛйткені, сіз жалқаусыз. Ӛз денеңізді ӛзіңіз басқара алмайсыз. 
Біліп қойыңыз, мҧндай адам еш жетістіктерге жете алмайды.Ал ерік-
кҥшін жеңе алатын, ӛзінің бойын да, ойын да басқара алатындар
уақытты ерттеп мініп алады да мақсатына жетіп, айналасындағыларды 
таң қалдырады. Ерік-жігерді қалай бағындыруға болады? 
Жалқаулықтан арылу ҥшін, ӛзіндік даму ғылымын жетік 
меңгерген, қайыршыдан миллионер болған Алекс Яновскийдің 
айтуынша, ең алдымен, бҥгін жаасайтын шаруаңды ешқашан ертеңге 
қалдырмау қажет. Тіпті, уақытыңыз болмай, басқа шаруалар киіп кетіп 
жатса да, бҥгінгі ісіңізді міндетті тҥрде бҥгін істеп машықтаныңыз. Бҧл – 
жалқаулықты жеңудің бірінші және негізгі тәсілі. 
Екіншіден, арнайы блокнот сатып алыңыз. Сӛйтіп, кешкілік 
ертеңгі кҥнге жоспар қҧрып жазыңыз. Не істеу керек, қайда баруыңыз 
қажет, кімге қалай сӛйлегеніңіз дҧрыс, ҥстіңізге не киесіз? Таңертең 
ҥйіңізден шыққаннан кейін кешке ҥйіңізге келгенге дейін бәрі-бәрі 
жоспарлы болуы керек. Және блокнотыңызда жазылғандардың 
барлығын рет-ретімен орындауға ӛзіңізді мәжбҥрлеңіз. Кежегіңіз кейін 
тартса да бҥгінгі атқарылуы керек жҧмысты ертеңге қалдырмаңыз. 
Мҧны кҥнделікті берік әдетке айналдырыңыз. 
Міне, қарапайым осы екі жаттығу арқылы сіз жалқаулықтан жҥз 
пайыз болмаса да, 90 пайыз кӛлемінде қҧтыла аласыз. Бҧны жҥзеге 
асыру сізден ақшалай шығынды, кӛп кҥш-қуат немесе уақыт жҧмсауды 
қажет етпейді. Тек ниет пен ынта болса болғаны. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет