ix
Ұзын қолжазба мен нобайлардың көптеген жиынтығын
дайын толық оқулыққа
айналдыру үшін көптеген адам күші мен жігер қажет. Айналдыру процесін іске
асырған Garland Science ұжымы өте керемет жұмыс істеді. Дениз Шанк (Denise
Schanck), операциялық директор, кітапты даярлаудың барлық уақытында сабырлылық,
зеректік, әдептілік
пен ынталылығын көрсетті; ол Алли Бокиккио (Allie Bochicchio)
мен Жанетт Скоби (Janette Scobie) көмекшілігімен бізді қатесіз алға жүргізді. Найджел
Орм (Nigel Orme) біздің жаңарған иллюстрациялық бағдарламамызға жетекшілік
етті, барлық иллюстрациялық ақпаратты соңғы түріне қойып,
кітаптың артқы бетін
өзінің графикалық қабілеттерімен жақсартты. Тиаго Баррос (Tiago Barros) біздің белок
құрылымдарының бейнеленуін жақсартуға көмектесті. Мэттью МакКлементс (Matthew
McClements) кітап пен оның бас бетінің дизайнымен көмектесті. Эмма Джефкок (Emma
Jeffcock) жоғары қабілеттілікпен, сабырлылықпен түзетудің көптеген айналымдары мен
соңғы минуттық өзгертулерді іске асырды; Джорджина Лукас (Georgina Lucas) Эммаға
көмекші болды. Майкл Моралес (Michael Morales) Лия Кристианс (Leah Christians)
көмекшілігімен кітаппен қосымша келетін онлайн қорлардың негізін құрайтын
бейнефильмдер, анимациялар мен басқа материалдардың күрделі
торын өндірді
және құрастырды. Адам Сендрофф (Adam Sendroff) бізге әлемдегі кітапты оқитын
адамдардан өте салмақты болатын мәліметтер мен ақпаратты жинауда көмек көрсетті.
Қолжазбаға сыни көзін салған Элизабет Зайац (Elizabeth Zayatz)
пен Шерри Гранум
Льюис (Sherry Granum Lewis) дамыту директорлары, Джо Клейтон (Jo Clayton) көшірме
редакторы, ал Салли Хьюш (Sally Huish) редактор ретінде қатысты. Билл Джонкокс (Bill
Johncocks) пәндік көрсеткішті қалыптастырды. Лондонда, Эмили Прис (Emily Preece)
бізді тамақтандырды, ал Garland ұжымының кәсіпқойлы көмегі, дағдылығы мен күші
олардың жылы шырайлылығымен бірге бізді кітапты даярлау барысында ынталандырды.
Кітаптың авторлары көрсетілген қолдауға шын жүректен алғыс білдіреді.
Біз жарларымызға, жанұяларымызға, достарымызға және қызметтестерімізге үнемі
көрсеткен қолдауларына шын жүректен алғыс айтамыз.
Біз осы басылымды бітіруге даярланғанда, Джулиан Льюис, біздің ко-автор, досымыз
және қызметтесіміз он жыл бойы батылдықпен күрескен ісік әсерінен осы өмірден өтті.
1979 жылдан бастап Джулиан барлық алты басылымға негізгі үлес қосты және біздің
арамыздағы ең сыпайы жазушы ретінде қатысқан көптеген тараулардың мәтін стилі мен
екпінін арттырды және жетілдірді. Оның ұқыпты ғылыми тәсілдері, айқындылығы мен
қарапайымдылығы оның жазу мәнерінің негізі болған. Джулиан баға жетпес адам еді,
біз оның жылы шырайлылығы мен қызметін аңсаймыз. Біз осы алтыншы басылымды
Джулианның рухына арнаймыз.