© 2015 by Bruce Alberts, Alexander Johnson, Julian
Lewis, David Morgan, Martin Raff, Keith Roberts,
and Peter Walter.
Авторлар жайлы
Брюс Альбертс өзінің PhD дәрежесін Гарвард
Университетінде алды және Сан Франциско
қаласындағы
Калифорния
Университетінің
биохимия мен биофизика бойынша ғылым мен
білім беру кеңесінің басшысы ретінде қызмет
етеді. Ол 2008-2013 жылдар аралығында Science
журналының бас редакторы және 12 жыл бойы
АҚШ-тың Ұлттық Ғылым Академиясының
Президенті (1993-2005) болды.
Александр
Джонсон өзінің PhD дәрежесін Гарвард
Университетінде алды және Сан Франциско
қаласындағы
Калифорния
Университетінің
микробиология мен иммунология профессоры
болып қызмет етеді.
Джулиан Льюис (1946-
2014) PhD дәрежесін Оксфорд Университетінде
алды және Ұлыбританияның Лондонның Ісік
Зерттеулері Институтының ғылымға еңбегі
сіңген қайраткері болған.
Дэйвид Морган
PhD дәрежесін Сан Франциско қаласындағы
Калифорния Университетінде алып, осы жерде
Физиология департаментінің профессоры және
биохимия, клеткалық биология, генетика мен
даму биологиясы оқыту бағдарламаларының
меңгерушісі болып қызмет етеді.
Мартин Рафф
өзінің MD дәрежесін McGill университетінде алды
және Лондонның университеттік колледжінде
молекулалық және клеткалық биология бойынша
Медициналық зерттеулер кеңесі зертханасының
биологияда құрметті профессоры болып қызмет
етеді.
Кейт Робертс PhD дәрежесін Кембридж
Университетінде алды және Норвичтегі Джон
Иннес орталығы директорының орынбасары
болып қызмет етті. Қазіргі таңда ол шығыс Англия
университетінің құрметті профессоры болып
отыр.
Питер Вальтер өзінің PhD дәрежесін
Нью-Йорктегі Рокфеллер Университетінде алды
және Сан Франциско қаласындағы Калифорния
Университетінің биохимия мен биофизика
департаментінің профессоры және Говард Хьюз
атындағы медициналық институттында зерттеуші
болып қызмет етеді.
Джон Уилсон PhD дәрежесін
Калифорнияның
технология
институтында
алды және постдокторлық жұмысын Стэнфорд
Университетінде істеді. Ол Хьюстондағы
Бэйлордың медициналық колледжінің биохимия
мен молекулалық биология мамандығының
құрметті профессоры болыр отыр.
Тим Хант
PhD дәрежесін 20 жылдан астам биохимия мен
клеткалық биологиядан сабақ берген Кембридж
Университетінде алды. Ол Ұлыбританияның ісік
институтында 2010 жылғы зейнетке шыққанға
дейін қызмет етті. Ол 2001 жылы Ли Хартвелл
және Пол Нерспен Нобель сыйлығын иеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: