276
процесінде зор рөл атқарғанын айту лазым. Біз профессордың
осы жүйелеуінің арқасында ғылым тілін бірізге салуға жол
ашқандай болдық.
Алайда кезінде қазақ терминологиясын жасау ісінде
орыс үлесінің ықпалы, яғни «орыстандыру»
саясатының
əсері айрықша болғанын аса сауатты лингвист Қ. Жұбанов
еңбектерінің өзінен байқамай өте алмайсыз. Соның салқыны
мына принциптерден аңғарылады. Қазақ тілінің даму, қа-
лыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін мейлінше терең
білетін тіл білімпазының өзі ұлттық терминологияны ұлттық
негізде жасауға кесірін тигізетін ұстанымдарды басшылыққа
алуға мəжбүр болған сыңайлы. Əйтпесе, интернационалдық
терминдер мен орыс тілінде қалыптасқан үлгілерді олардың
қазақ тілінде баламасының бар-жоқтығына қарамастан,
бұлжытпай қапысыз қабылдай берейік деудің қисынға келе
бермейтінін өмірдің өзі дəлелдеді.
90-жылдардан бері термиидерді
ұлттық негізге қарай
икемдеу, ыңғайлау бақыты басымдық ала бастады. Бұл
ретте казақ баспасөзінің, журналист қаламгерлердің еңбегі
зор. Күні бүгінге дейін ғылым тілінің 70-80 пайызын құрап
келген интернационалдық терминдердің жап-жақсы қазақы
нұсқасы жасалып отыр. Мұны кезінде кеңестік тəрбие
өтіңкіреп кеткен кейбір əріптестер əлемдік өркениеттен
алшақтау, ұлттық сыңаржақтық деп түсіндіргісі келеді.
Қалай дегенде де терминдерді «қазақшыландыру» үрдісі
жұртшылық сұранысы тұрғысынан кең қолдау табуда. Шы-
нында бұл кісі шошырлық үрдіс емес. Қайта ес жиып, есей-
ген ұлттың əлемдік өркениетке
нендей өзіндігімізбен бара-
мыз, соған еркін апаруға өз тіліміздің қауқары жете ме де-
ген саналы толғанысынан туындайтын заңды əрекет бұл.
Мұндай əрекет қашанда қоғам мен тіл арасындағы өзара
байланыстан, өзгеріс-өрістер барысынан пайда болады.
Қараңыз, бір кезде
программа (бағдарлама),
устав (жар-
ғы),
совет (кеңес),
презентация (тұсаукесер),
коррупция
(сыбайлас жемқорлық),
гонорар (қаламақы),
бартер (баспа-