272
(1935 ж.), «Принципы терминологии
казахского литера-
турного языка, принимаемые государственной терминоло-
гической комиссией», «К пересмотру казахской орфогра-
фии» (1935 ж.) деп аталатын еңбектерін атауға болады.
Ғалым бұл еңбектерінде емле ережелерінің дұрыс
түзілмеуінің салдарынан бірнеше жыл бойы қаншама
терминнің сан түрлі үлгіде жазылып жүргеніне күйінеді.
Сауатты жазудың
тірегіне айналудың орнына, анархияны
үдетіп отырған бұл жағдайдың себеп, салдарын зерттеп,
одан шығудың жолдарын қарастырады,
ғылыми термин
сөздерге қойылар талаптың басты-басты шарттарын анық-
тап береді.
Термин сөздің тұңғыш рет ғылыми анықтамасын жасап,
олардың лексиканың өзге қатпарларынан өзіндік ерекшелігін
қолға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп береді. Анықтаманы
сол тұпнұсқадағыдай түрінде ұсынамыз:
«Термином называется специфический вид определен-
ных словесных обозначений,
передающих определенные
понятия, установленные на данном этапе развития науки и
революционной практики, причем передаваемые термином
терминологическое
понятие может не совпадать со словар-
ным значением, которое присуще данной словесной величи-
не в обыденной жизни» (Жұбанов Х. Исследования по казах-
скому языку. Алматы: Ғылым, 1966. 273 б.).
Осыдан аңғаратынымыздай, термин дегеніміз – белгілі
бір кезеңнің сөз əлеміндегі ғылыми атаулық кейпі. Бұл
ғылыми ұғым осы сөздің лексикалық мəнімен сəйкес кел-
меуі де мүмкін. «Атом», «психология», «яровизация» тəрізді
терминдерді мысалға ала отырып, Қ. Жұбанов бөлінбес ұғым
деп жүрген бұл сөздер де қоғам дамуының кейінгі кезең
сатыларында əрі
қарай бөлшектеніп, жаңа бір мəн туында-
тып кеткенін əңгімелейді.
Қ. Жұбанов термин сөздердің эволюциялық даму ерек-
шелігін, өзіндік даму заңдылықтарын дұрыс болжап кет-
кен. Мұндай процесті көптеген терминдердің де жаса-
лу, қалыптасу тарихынан аңғарамыз. Терминжасамдағы
қателіктің
ең бастысы, Жұбановша айтқанда, аударыл-
майтын сөздерді аударуға тырысудан, ал аудара қалғандай
жағдайда терминнің өзін емес, оның лексикалық мағынасын
аударудан туындайтыны рас. Орыс тіліндегі «лощадь», «ко-
рова», «толстый», «мелкий»
сөздерін қазақ тідіндегі ат,
Достарыңызбен бөлісу: