К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет114/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

8.5.2. Хронометраж 
Хронометраж (фр.chronometrage) – қайталанатын еңбек операцияларын 
орындауға жұмыс уақыты шығындарын зерттеу әдісі, олардың ұзақтығын 
өлшеуден және оларды орындау шарттарын талдаудан тұрады.
Хронометраж еңбек өнімділігін арттыру қорларын зерттеу; өнім бірлігіне 
шаққанда негізгі уақыт шығындарын анықтау және уақыт нормативтерін 
орнату; жұмыс уақытыны суретке түсіру материалдары бойынша есептелген
уақыт 
нормаларын 
нақтылау; 
тағамдардың 
еңбек 
сыйымдылығы 
коэффициентін құрастыру үшін әртүрлі өнім өндіругенегізгі уақыт шығындары 
қатынасын анықтау; жеке жұмысшылармен өндіру нормаларының толық 
орындамау себептерін айқындау мақсатында жүргізіледі. 
Хронометраж үш кезеңнен: бақылауға дайындалудан, хронометраждан 
және мәліметтерді өңдеу мен талдаудан тқрады. Хронометражды аусым 
басталғаннан 50-60 минуттан кейін бастаған дұрыс. Алдын ала жұмысшыға 
кедергі келтірмеу үшін бақылаушыға ыңғайлы орын таңдау керек.
Хронометражға дайындық зерттелетін операцияны, оны орындау тәртібін 
алдын ала зерттеуді, жұмыс орнын ұйымдастыру мен қызмет көрсетуін; 
шикізат біртектілігін қамтамасыз етуді; зерттеу мақсатына сәйкес бақылау үшін 
жұмысшыны таңдауды; бақылауға рационалды ұйымдастыру-техникалық еңбек 
жағдайын құру үшін жұмыс орны мен орындаушыны дайындауды; операцияны 
элементтерге бөлшектеуден және фиксажды нүктелерді- операцияның әр 
элементінің басталуы мен аяқталуын білдіретін айқын белгілерді орнатуды; 
қажетті бақылау санын анықтауды; құжаттар мен аспаптарды дайындауды 
қарастырады.
Сенімді мәліметтер алу үшін бақылаудың көп санын жүзеге асыру керек. 
Бақылау саны нормалардың қажетті дәлдігіне (пайызбен) және хроноқатардың 
нормативті тұрақтылық коэффициентіне тәуелді. Өлшеу санын анықтау кезінде 
8.10-кестедегі мәліметтерді негізге алу керек.


217 
8.10-кесте 
Хронометраж кезінде қажетті өлшеу саны\ 
Хроноқатардың 
нормативті 
тұрақтылық коэффициенті, К
т
Бақылау дәлдігі, 



10 
15 
20 
Өлшеу саны 
1,1 






1,2 
12 





1,3 
22 
10 




1,4 
31 
14 




1,5 
45 
19 




1,6 
60 
22 
11 



1,7 
75 
27 
13 
10 


1,8 
91 
33 
16 
11 


2,0 
125 
45 
22 
14 


2,3 
174 
63 
25 
19 
10 

2,5 
205 
75 
30 
21 
11 

3,0 
278 
100 
40 
25 
14 
10 
Хронометраж мәліметтерін бақылау парағына - хронокартаға белгілейді. 
Хронокартаның бірінші беті жұмысшы, зерттелетін операция, оны орындау 
тәртібі, шикізаттар мен жартылай фабрикаттар сипаттамасы, қолданылатиын 
машиналар, жабдықтар, құрылғылар, аспаптар, жұмыс орнын ұйымдастыру 
және қызмет көрсету, бақылау уақыты мен орны туралы мәліметтерді жазуға 
арналған. 
Екінші бетте операция элементтерімен олардың фиксажды нүктелері, 
ағымды уақыт және элементтер ұзақтығы, бақылау барысындағы үзілістер, 
хронометраждық бақылау нәтижелерін өңдеу жазбалары жүргізіледі. Бақылау 
басталғанға дейін хронокартаның бірінші бетін барлық пунктер бойынша, 
бақылау барысында ғана белгілі болатын пункттерден басқа толтырады. Екінші 
бетте «операция элементтер» мен «фиксажды нүктелер» толтырылады.
Хронометражды жүргізу барысында бақылаушы хронометраж картасын 
толтыра отырып, операцияның дұрыс және ретімен орындалуын бақылау керек. 
Егер бақылау барысында өндірістегі бұзылуынан туындалған немесе 
бақылаушы қателігінен үзілістер туындаса, онда ал туралы хронокартаның 
арнайы бөлімінде – ақаулы өлшеулер бөлімінде көрініс табу керек. 
Хронометражды бақылауларды талдау және өңдеу
 бақылаушымен белгіленген хроноқатардан қате өлшеулерді жоюдан; 
 тұрақтылық коэффициенті мен қажетті бақылау санын есептеу жолымен 
хроноқатар сапасын тексеруден; 
 әр операцияны орындау ұзақтығының орташа шамасын есептеуден 
тұрады. 
Операцияның әр элементтерінің ұзақтығы хронометражды қатар құрайды. 
Хронометражды қатар саны операциялар элементтер санына тең. Әрбір 


218 
хронометраждық қатардағы өлшеу саны бақылау кезіндегі жүргізілген 
жазбалар санына тең.
Хронометраждық бақылау материалдарының сапасы хронометраждық 
қатар мәндерінің ауытқу шамасымен сипатталады. Хронометраждық қатарды 
сипаттау үшін тұрақтылық коэффициентін анықтайды, яғни берілген 
хроноқатар бойынша операция элементінің максималды ұзақтығының оның 
минималды ұзақтығына қатынасын анықтайды.
 
Содан соң алынған тұрақтылық коэффициенттерін нормативті мәндермсен 
салыстырады, яғни хроноқатар жарамдылығын анықтайды.
Егер нақты тұрақтылық коэффициенті нормативті мәннен кіші немесе тең 
болса, хроноқатар тұрақты саналады (8.11-кесте). 
8.11-кесте 
Хроноқатарлардың нормативті тұрақтылық коэффициенттері 
Берілген жұмыс орнында 
өндіріс типі мен зерттелетін 
элемент ұзақтығы 
Хроноқатардың нормативті тқрақтылық коэффициенті 
машиналық 
еңбекте 
машиналық-
қол еңбегінде 
жабдық 
жұмысын 
бақылауда 
қол еңбегінде 
массалық 
10 дейін 
1,2 
1,5 
1,5 
2,0 
10 артық 
1,2 
1,2 
1,3 
1,5 
Ірі сериялы 
10 дейін 
1,2 
1,6 
1,8 
2,3 
10 артық 
1,1 
1,3 
1,5 
1,7 
сериялы 
10 дейін 
1,2 
2,0
2,0 
2,5 
10 артық 
1,1 
1,6 
1,8 
2,3 
Аз сериялы және бірлік 
1,2 
2,0 
2,5 
3,0 
Егер алынған тұрақтылық коэффициенті нормативтен көп болса, онда бұл 
қатардан екі шеткі мәндерін-максималды және минималды алып тастауға 
болады. Содан соң тұрақтылық коэффициенті қайтадан есептеліп, нормативті 
мәнмен салыстырылады.
Егер нақты тұрақтылық коэффициенттері нормативті мәннен аса көп 
болса, онда бақылауды қайталау керек.
Ары қарай бақылау нәтижелерін өңдеу әрбір зерттелетін элементтің 
нормативті ұзақтығын (орташа арифметикалық шамасын) анықтаудан тұрады. 
Әрбір операцияны орындаудың орташа (нормативті) ұзақтылығы мына 
формуламен анықталады.
 
мұндағы Х-берілген операцияны орташа орындау ұзақтығы;


219 

x -берілген тұрақты хроноқатар үшін операцияларды орындау 
ұзақтығының барлық шамаларының қосындысы;
n- хроноқатардан қате өлшеулерді алып тастаған соң қабылданған сапалы 
бақыдау саны. 
Жалпы операцияларды орындаудың ұалыпты ұзақтығы оның құрамдас 
элементтері қалыпты ұзақтығының қосындысына тең.
Хронометражды зерттеудің маңызды бөлігі алынған мәліметтерді талдау 
болып табылады, ол операция элементтері ұзақтығының ауытқу себептерін 
зерттеуден, олардың ұзақтығын қысқарту мүмкіндігін анықтаудан, сонымен 
қатар жұмысшы еңбегңін жеңілдетуден тұрады.
Хронометражды бақылауды зерттеу және талдау нәтижелері операция 
мазмұнын (элементтер бойынша) анықтау, оны орындау әдістері мен тәсілдері 
сипаттамасын, ұйымдастыру-технологиялық еңбек жағдайларын анықтау, 
сонымен қатар осы операцияны орындау үшін жедел уақыт нормаларын орнату 
үшін қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет