485
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
аузыма қайдан түсті өзі, жарықтық,
арақтың өшіретін
айтсаңшы
(Ш.Сариев).
Шартты райлы етістіктердің тиянақты баяндауыш қызметінде
жұмсалуында көмекші сөздердің қызметі ерекше. Тек көмекші
етістік немесе модаль сөздер тіркесіп жұмсалуы арқылы оларда
тиянақтылығы нақтылана түседі де, сол тобымен күрделі баянда-
уыш қызметінде жұмсалады. Ондай күрделі баяндауыш кезінде
шартты райлы етістіктер таза күйінде жəне жіктік жалғауларында
да келуі арқылы жұмсала береді. Кейде шартты райлы баяндауышқа
бір немесе бірнеше көмекші етістіктер де бірлікте келе береді.
Шартты райлы ондай баяндауыштар көбіне жай немесе құрмалас
сөйлемнің басыңқы сыңарларында ғана жұмсалып қоймай, сала-
лас сөйлемдердің бірінші сыңарында да жұмсала береді. Мыса-
лы: Ендеше, мен неге тығылам, – деді Шоқан. – Ауылға
шапса
дегенім ғой (С.Мұқанов). Əбдірахман мектепті бітіргенде дабысы
жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де
мақтаса керек
(Б.Майлин). Бір сөзді күллі жұртқа жайғың келсе, біздің үйдің
көршісіне ешкімге айтпа деп
айтсаң болды, сол бойда алдыңнан
шығады (Ш.Сариев).
Достарыңызбен бөлісу: