Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет1/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   332


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ
ТАЛҒАТ
САЙРАМБАЕВ
АЗА 
ТІЛ БІЛІМІНІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алматы
2014


УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз 
С 16
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі 
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
аясында шығарылды
 

 
 
Сайрамбаев Т.
 
Қазақ тіл білімінің мəселелері / Құраст.: ф.ғ.д. Ғ. Əнес жəне
К. Шаймерденова. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. – 
640 бет.
ISBN 978-601-7172-40-4
Филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаев 
(1937–2009) қазақ тіл білімі синтаксисінің өзекті саласы – сөз тіркесінің 
қалыптасу кезеңдері, даму тарихы жəне тілдік қолданыстағы өзіндік 
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген бірден-бір жетекші ғалым. Оның 
еңбектерінде сөз тіркестерінің түрлері, байланысу тəсілдері, сөйлемдегі 
сөздердің бір-бірімен үйлесімді тіркес құрау заңдылықтары баяндалады. 
Сондай-ақ орыс тіл білімі мен түркітану синтаксис мамандарының осы 
мəселеге қатысты пікірлері, оның қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне ықпалды 
тұстары талданып көрсетіледі.
Қазақ тіліндегі сөз тіркесі саласы бойынша кез келген сұраққа жауап 
табуға болатын зерттеуші еңбегі тілші ғалымдарға, тіл үйретуші мамандарға 
жəне көпшілік тіл жанашырларына арналады. 
УДК 811.512.122 
ББК81.2 Қаз
ISBN 978-601-7172-40-4
© Сайрамбаев Т., 2014
© «Абзал-Ай», 2014
С 16


АЛҒЫ СӨЗ
М. Əуезов атындағы Шымкент пединститутының филология 
факультетін үздік бітірген Т. Сайрамбаевтың ғылым жолына 
түсу сапары Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі 
институтының аспиранты болып, осы қара шаңырақта профес-
сор Мəулен Балақаевқа шəкірт болуынан басталады. Ғалымның 
ғылыми-педагогикалық еңбек жолы негізінен əл-Фараби атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінде (1971–2009) өтті. Жоғары 
оқу орнындағы оқытушылық қадамы Қызылорда қаласындағы 
қазіргі Қорқыт Ата университетінен (1965–1971) басталған 
болатын. Алматыда өз алдына шаңырақ көтерген «Қайнар» 
университетінде де (2004–2009) қосымша профессорлық лауа-
зымда қызмет атқарды.
Талғат Сайрамбайұлының шығармашылық жолына келсек, ең 
басты еңбектері – 1967 жылы қорғаған «Қазіргі қазақ тіліндегі 
сын есім мен сан есімнің етістікпен тіркесі» атты кандидаттық 
диссертациясы мен 1984 жылы қорғаған «Қазіргі қазақ тіліндегі 
күрделі сөз тіркестерінің құрамдық-семантикалық типтері» 
ат-ты докторлық диссертациясы. Ғалым-ұстаз не жазса да 
сол нысаналы тақырыбы – сөз тіркесі мəселесі туралы жаз-
ды. Сондай-ақ сөз тіркесі жайлы жазылған еңбектерді талдап, 
авторлық көзқарастарын қолдап, қалайда осы тақырыптың 
көкжиегін кеңейтуге ерекше ниетті ғалым болды. Өзінің же-
текшілігімен қорғаған 38 ғылым кандидаты мен 2 ғылым докто-
рының да зерттеу жұмыстарының басым бөлігі осы сөз тіркесі 
мəселесі болатын.
Зерттеуші қазақ тіл білімі синтаксис саласының ішіндегі сөз 
тіркесі мəселесімен түбегейлі айналысты. Осы тақырыпқа өзінің 
барлық шығармашылық еңбегін, кандидаттық, докторлық дис-
сертацияларын, 15-ке тарта монографиялық зерттеуін, 200-ден 
астам ғылыми мақаласын арнады.


4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет