Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Жеткіншектің ұжымдағы қарым-қатынасы



Pdf көрінісі
бет81/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

3. Жеткіншектің ұжымдағы қарым-қатынасы
Жеткіншектік кезеңге өтудегі баланың жеке басының 
қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістері сана-сезімнің дамуын-
дағы сапалық өзгеріспен анықталады, сондықтан бала мен 
ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. 
Жеткіншекте ересек адамның позициясы қалыптаса бастай-
ды, оған ересектік сезімнің дамуы жəне жеткіншектің ересектігін 
басқа адамдардың тануы негіз болады. Жеткіншек бұл игіліктерге 
белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын 
құрайды. Мінез-құлық пен іс-əрекеттің мақсаттары мен себептері, 
өзіне жəне басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі 
бағалаудың критерийі болады. Мазмұны жөнінен өзіндік сана 
ішкі дүниеге көшірілген əлеуметтік сана-сезім болады. 
Əлеуметтік өмір адамдар арасындағы қарым-қатынаста дами-
ды. Осы қарым-қатынас негізінде өзара əрекеттестігінің негізі 
қалыптасады. Басқа адамдарға бағдарланудың негізінде жүзеге 
асатын, əлеуметтік əрекет арқылы болатын, адамдардың байланы-
сын əлеуметтік байланыс дейді.
Кез келген адамның қарым-қатынаста нақты əлеуметтік рөлі 
бар. Мұндай рөлдер жеке адам туралы ақпарат береді жəне кейбір 
жақтарын жасыруы да мүмкін. Қарым-қатынас тəсілдерін жəне 
мəнді қарым-қатынасты ұйымдастыру ұмтылысын адамның өзі 
жəне басқа адамдар жайлы ақпараттары анықтайды.
Адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктері жоғарғы 
жүйке жүйесінің типімен анықталып, темперамент қасиеттерімен 
көрінеді. Адамның психикалық құбылыстары экстраверсия мен 
интраверсия қарым-қатынаста айқын көрінеді. Басқа адамдар-


208
мен жеңіл тіл табысып, əрі таныстарының шеңбері кең адам-
дар, жүйке іс-əрекетінің неғұрлым күшті типімен байланыс-
ты экстраверсиялық қасиеті басым адамдар. Мұндай адамдар 
əртүрлі істерді атқарғанды ұнатады, өздері қоршаған адамдардың 
көзқарасына тəуелді.
Интраверттер жүйке іс-əрекеті əлсіз типтегі адамдар, олар 
өздерінің ішкі жан дүниесін бағалайтын адамдар. Қарым-
қатынаста өз серігін таңдап отырады, сондықтан таныстардың 
шеңбері тар. 
Адам өзін бүтіннің бөлігі ретінде сезінеді. Басқа топпен 
қарым-қатынаста болған, адам үшін өте пайдалы. Біріншіден, 
ол адамның көзқарасы, қоршаған əлемге деген əсері, ойлары 
өзгереді, Екіншіден, тікелей қарым-қатынас, арқылы болатын, 
жаңа психикалық құбылыстар пайда бола бастайды.
Топ – бұл өзіндік күйі мен құрылымы бар бүтін бір ұйым. 
Топтың əр мүшесін жақсы біле тұрып, оның қарым-қатынастағы 
іс-əрекетін алдын ала болжау мүмкін емес. 
Ұжымның табиғи əлеуметтік-психологиялық негізі – бұл
кіші топтар. Кіші топтардың жоғарғы дəрежде дамуымен ұжым 
қалыптасады. Ол бірден пайда болмай, мақсатты түрде жүзеге 
асады. 
Іскер жəне жеке қатынастардың үйлесімділігі қандай да бір 
топтағы ұжымның қалыптасуының маңызды көрсеткіші. Баланың 
мінез-құлқы топ арқылы бағаланатындықтан, бала үшін топтың 
маңызы өте зор. 
Л. И. Уманский мен əріптестері топты ұжым ретінде сипаттай 
отырып, оның мынадай белгілерін бөліп көрсетеді: 
1. Топтың адамгершілік бағытындағы бағдарының мазмұны. 
(Топ мүшелері мақсатының, мотивтерінің бірлігі) 
2. Ұйымдасқан бірлік
3. Кез келген іс-əрекет түрінде топтың бірлескен даярлығы. 
4. Психологиялық бірлік (интеллектуалды, эмоциялы, еріктік)
Ұжымның екі қыры болады. Біріншіден, іс-əрекет түрлері мен 
сипаты, мүшелерінің санын анықтайтын педагогтық саналы əрі 
мақсатты ықпалының объектісі. Екіншіден, балалар тобы өзгеше 
əлеуметтік психологиялық заңдылықтарға сүйенген, салыстырма-
лы түрде тəуелсіз құбылыс. 
«Біз» деп аталатын топтар адамның мінез-құлқы мен 
дамуының өзгеруіне өз əсерін тигізуі мүмкін. Əлеуметтік психо-


209
логияда мұндай топты референтті немесе эталон топ деп те атай-
ды. 
Референтті топтар шынайы қызмет етуімен қатар, ойдан да 
шығарылуы мүмкін. Олардың атқаратын қызметі ортақ. 
1. Референтті топтың жағымды не жағымсыз болуына байла-
нысты əлеуметтік салыстыру қызметін атқарады.
2. Референт топ адамның қалыптасуына байланысты ережелер 
мен нормалардан тұрады, сондықтан нормативті қызмет атқарады. 
Жағымды психологиялық ахуалмен сипатталатын ұжым ғана 
жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ете алады. Психологиялық 
ахуал – ұжым мүшелерінің адамгершілігімен анықталатын, жеке 
жəне іс-жағдайындағы өзара қатынастар эмоционалды дəрежеде 
көрініс беретін, ұжымның психологиялық көңіл-күйі.
Ұжымның психологиялық ахуалы қарым-қатынас үдерісінде 
қалыптасады, оның негізінде топтың бүтіндей қажеттіліктері 
жүзеге асады.
С. Л. Рубинштейн бойынша сыртқы əсерлер жеке тұлғаның 
ішкі құрылымында өзгеріске ұшырап, өзіне біршама əсер етеді. 
Іс-əрекеттің берілген түрлерінің өзара күрделі əрекеттестігіне 
тəуелділігінен 
ұжымның 
топтық 
даралығын 
көреміз. 
Психологиялық ахуалдың рөлі ұжымдағы өзара əрекеттестікте 
ерекше орын алады.
Іс-əрекетті ұйымдастырудың сипаты мен түріне байланысты 
топтардың дамуы мынадай деңгейде көрінеді:
1. Атаулар тобы – ұжымдық дамудың нақты көрсеткіші жоқ, 
тек қағаз жүзінде ғана болады. Ортақ қызығушылық біріккен іс-
əрекеттің азғантай тəжірибесі бар қатынастармен анықталады.
2. Ассоциация – өзіндік ортақ іс-əрекеттің мақсаты, құрылымы 
бар, бірақ біртұтас əлеуметтік психологиялық бүтін бола алмайды.
3. Корпорация – ортақ мақсат жəне оны жүзеге асырудағы 
іс-əрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға 
тəн серіктестік, топ мүшелерінің өзара əрекеттестігі, қарым-
қатынастың белгілі бір дəрежеде топтық тəжірибені құрап, оның 
сол іс-əрекет түрінде даярлығын қамтамасыз етеді.
4. Ұжым – дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-əрекеттің негізінде 
қоғамдық құны, мақсаттары мен мотивтері бар мұндай топ 
даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғарғы деңгейін сипат-
тайды.
Əлеуметтік психолог В. Б. Ольшанский адамдардың бір-


210
бірінің іс-əрекетіне өзара əсер етудің мынадай түрлерін береді:
1. Өзара жеңілдік, яғни сол серіктердің қатысы екеуінің де іс-
əрекетінің тиімділігін арттырады.
2. Өзара қиналу, яғни өзара қатысу əрқайсысының іс-
əрекетінде қателіктердің пайда болуына ықпал етеді.
3. Біржақты жеңілдік – бір серігінің қатысы басқасының іс-
əрекетін жеңілдетеді (мысалы, ересек пен бала).
4. Біржақты қиналу – бір адамның қатысы екіншісіне кері 
əсерін тигізеді. 
5. Тəуелділік – екеуінің қатысы ешқайсысының іс-əрекетіне 
əсер етпейді.
Іс-əрекетке əсер ету түрлерінің көптеп кездесуі психологиялық 
сыйысушылық деген құбылыстың куəсі. Психологиялық 
сыйысушылық дегеніміз – өзара əрекеттесуші адамдардың ең 
аз дəрежедегі шығынындағы іс-əрекетінің жоғары дəрежедегі 
нəтижеге жеткізуі.
Əрбір тұлғаның белсенділігі сол ұжымның ахуалымен 
анықталады. Яғни, ұжымның тұлғаға тигізер дəрежесі сияқты. 
Əрбір тұлғаның дамуына ықпал ететін жəне ұжымның 
еңбекке деген ынтасын қамтамасыз ететін психологиялық ахуал-
ды ұжымдастыруда топ мүшелерінің өзара қатынасын реттеу ке-
рек. «Өзіндік реттеушісі жоқ» «ұжымдық іс-əрекет» тəрбиеленуші 
фактор бола алмайды. 
Психологиялық біртұтастылық немесе коммуникативтілік, 
жүйенің өзіндік реттеуін жəне өзіндік бағдарлануын, жүйке 
бөлшектерінің қасиеттерін бүтінге бағыттаудың əрекеттерін 
қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет