Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет82/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

Бұл құбылыс мына нəрселерді қамтиды: 
* Ақыл-ой бірлігі – белгілер жүйесін бір түрге келтіру қабілеті, 
топтық тілдің пайда болуы, шешімдерді қабылдаудың тиімді əдіс-
тəсілдерін анықтау.
* Эмоционалды бірлік – бүкіл жүйке хал-ахуалының индикато-
ры, жүйені өзіндік реттеу, мінез-құлықтың бейімделу жəне орнын 
толтыру механизмдерін анықтау топ-топ тіршілігінің қосымша 
энергоресурсын қалыптастыру қабілеттері.
* Еріктік білік – топтың мақсатқа жетудегі кедергілерін жеңуде 
күшін жұмылдыру қабілетінде анықталатын топ жұмысының 
«күн-тəртібінің» реттелушісі.


211
Ұжымдағы тиімді іс-əрекет ұжымның мазмұны мен 
мақсаттарының эмоционалды үйлесімділігін қамтамасыз етеді. 
Яғни, іс-əркеттің заттары мен үдерістерінің қызықты болуы 
жəне эмоционалды күйдің өзектілігі жеткіншек қажеттіліктеріне 
сəйкес келеді. 
Адамдар қарым-қатынасындағы бəсекелестік рух пен күштің 
бірлігі сияқты. Бəсекелестік негізінен эмоция арқылы көрінеді. Ол 
ұжымдағы эмоционалды ахуалдың туындап əсер ететін, адамзат 
қарым-қатынасының маңызды бір бөлігі.
Жаңа 
əдіс-тəсілдерді 
пайдалана 
отырып, 
іс-əрекетті 
ұйымдастыру, адамдардың мінез-құлқын белсендіре түседі. 
Эмоциялық үйлесімділікпен қатар эмоциогенді жағдайлар 
бар:
1. Өзара əрекеттестікте нақты рөлді иеленіп, жеке тұлғаның 
өзіндік айқындалуына психорөлдер жағдай жасайды. Мұндай іс-
əрекет балалар ұжымындағы ойын түріндегі іс-əрекетке түрткі 
болады. Іс-əрекеттің мұндай түрі жеке тұлғаның əр қырынан 
көрінуіне ықпал етеді. Ойын түрінде өткен іс-əрекет балалар 
ұжымындағы мəселелерді шешуге көмектеседі. 
2. Музыкалық-психологиялық жағдайлар, жалпы əуеннің өзі 
де адамның эмоционалды күйіне терең əсер етеді. 
Адамдардың басын қосудағы, қатынастарды реттеуде 
музыканың алар орны ерекше. 
Адамдар арасында өзара əрекеттестіктің жасырын, мəнді 
жағдайлары бəсекелестік, құпия бақталастық, ұжымшылдық не-
месе топтық кепілділік, дөрекі қысым немесе саналы тəртіп. 
Адамдар арасындағы өзара əрекеттестіктің төрт негізгі тəсілі 
үгіттеу, еліктеу, жұқтыру жəне сендіру əрекеттері арқылы жүзеге 
асады. 
Еліктеу – индивидтің қандай да бір мінез-құлық көріністерін, 
əрекеттерін, мəнерін қайталау. 
С. Л. Рубинштейн бойынша адам мінез-құлығының сыртқы 
көрінісі негізінде оны танимыз, оның сыртқы мəліметтерінің 
мəнін ашамыз. Қарым-қатынас үдерісінде мұндай мəліметтер 
маңызды реттеуші рөл атқарады. Біріншіден, басқа адамды тану 
барысында танушы индивидтің өзі де дамиды. Екіншіден, басқа 
адамды тану дəлдігінің өлшеміне онымен келісілген əрекеттердің 
жетістігі байланысты. Адамдардың бір-бірін қабылдау үдерісі 


212
қарым-қатынастың құрамды бөлігі, яғни перцепция деп аталады. 
Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы танудың ең бір 
тиімді жолы сол адамның орнына өзін қоя білуі. Яғни, оның ішкі 
жан күйзелісін ұғып, түсіну эмпатия құбылысымен ұқсас. Бұл 
өзін басқа адамның орнына қойып оны түсіну. Эмпатия – басқа 
адамның ішкі əлеміне еніп, оның барлық сезімдері мен ойларын 
эмоциялы түрде қабылдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет