5В060900 «География» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет15/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

 
Кіріспе
Пәннің мақсаты мен міндеттері: 
«Кәсіби-бағытталған шет тілі» пәнінің басты мақсаты мамандығы 
саласында оқитын студенттердің кәсіби коммуникативтік құзыреттілігін – өз 
мамандық саласында, күнделікті ауыз екі сөйлесуде, тұрмыста шетел тілін 
белсене қолдана білу дағдыларын үйрету. 
Оқыту мақсаты:

студенттерге шетел тілі ақпарат алу көзі, қарым- қатынас жасау 
құралы екені түралы түсінік қалыптастыру және шетел тілінде ой- пікірін 
жеткізен білу, өзгені түсіну мақсатында пайдалана білу; 

студенттерді өз мамандығы саласында, сонымен қатар , әлеуметтік, 
тұрмыстық салада ауызша, жазбаша түрде қарым- қатынас жасауға дайындық; 

студенттерді шетел тілін мамандық саласында білімін жетілдіру, 
тереңдету, кеңейту, өз бетінше кәсіби біліктілігін арттыру құралы ретінде 
пайдалана білуге баулу; 

студенттерге тілдік, танымдық, мәдениетаралық және прагматикалық 
құзырет көзі ретінде шетел тілінің мүмкіндігін көрсету. 
Білім беру технологиялары 
«Кәсіби-бағытталған шет тілі» пәнін оқыту үдерісі барысында әртүрлі 
заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы студенттердің кәсіби-
коммуникативтік құзреттерін қалыптастыру көзделеді. Оқыту бағдарламасы 
ауыз екі сөйлеу дағдыларын дамытуға, интергративтік оқу түрлерін 
(іздестірілетін, қаралатын, зерттелетін), тыңдау және жазбаша сөйлеу 


дағдыларын(аннотациялау, түйіндемелеу), жазбаша және ауызша аудару 
дағдыларын дамытуға аса көңіл бөледі. 
Кәсіби-бағытталған шет тілін оқыту барысында мамандыққа байланысты 
құзіреттерді дамытуға ықпал ететін белсенді оқыту әдістері кеңінен 
пайдаланылады, олар – жоба жұмысы, дөңгелек үстел, интегративтік 
тапсырмалар, (кеңес, халықаралық кеңестер, келіссөздер) және интерактивтік 
тәсілдер (пікірталас, дебат, миға шабуыл, конференция, презентация, баяндама, 
көпшілік алдында сөйлеу). 
Негізгі қолданылатын оқу материалдары болашақ мамандардың жан-
жақты кәсіби құзіреттерін дамытуға бағытталған әр түрлі деңгейдегі 
мамандыққа қатысты түпнұсқадағы мәтіндер, әдебиеттер және мультимедиалық 
материалдардан тұрады. 
Оқыту формасы 
Төмендегідей оқыту формасы қарсатырылады: 
- студенттерге оқытушының басшылығымен аудиториялық топтық сабақ 
жүргізу; 
- студенттің 
аудиториялық 
топтың 
сабақ 
кезінде 
тексерілетін 
оқытушының тапсырмасын міндетті түрде өз бетінше орындайтын жұмысы 
(СӨЖ); 
- кеңес беру кезінде тексерілетін оқытушының тапсырмасын міндетті 
түрде өз бетінше орындайтын жұмысы (СӨОЖ);
- студенттің ынтасына сәйкес, оның қалауы бойынша оқытушының 
басшылығымен аудиториядан тыс, әртүрлі формада (үйірме, көркем-өнер, жарыс 
т.б) өткізілетін студенттердің жеке, өз бетінше орындайтын жұмысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет