5В060900 «География» мамандығы бойынша


Географиялық ғылыми зерттеулерде шетел (ағылшын) тілі



Pdf көрінісі
бет17/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

Географиялық ғылыми зерттеулерде шетел (ағылшын) тілі. 
Келіссөздер, кәсіби пікірталастар, презентациялар, конференциялар.
Бұл ұғымдардың ерекшелігі. Келіссөздер институты: түрлері, қызметтері
серпіні және жүріп-тұру ережелері. Пікірталас базасы: кәсіби пікірталастар үшін 
кейстер базасы және аргументтер. Кәсіби тақырып бойынша презентацияларды 
дайындау. Берілген тақырып бойынша конференция өткізу. Конференцияда 
шағын баяндамалар дайындау. Кәсіби сөйлеудің құрылымы.
Мәдениаралық қарым-қатынас: ағылшын тілінде мамандық бойынша 
дискурсивті практикалар.
Кәсіби салада мәдениаралық қарым-қатынасты дамыту бойынша тренинг. 
Әртүрлі мәдениетте кездесетін жағдайларды бастан өткеру. Тіл мәдениаралық 
қарым-қатынас құралы ретінде. Қазіргі дүниежүзінде шетел тілінің рөлі. Тіл 
және мәдениаралық байланыс. Ағылшын тілінде мәдениаралық байланыста 
тілдің стереотиптік формалары. Мәдениаралық байланыс түрлері. Кәсіби салада 
мәдениаралық байланыстың субъектілері. Аударма және мәдениаралық 
байланыс. Тұлғаралық байланыс. Басқа мәдениет өкілдерімен өзара қарым-
қатынаста негізгі мәдениаралық ерекшеліктерімен танысу.
 
Оқу үдерісінде академиялық қарым-қатынас (ағылшын тілінде кәсіби 
пәндер бойынша дәрістер мен семинарлар).
Академиялық қарым-қатынастың параметрлері және өзіндік ерекшелігі. 
Сөйлеу мәнері мен академиялық қарым-қатынастың ұлттық-мәдени өзіндік 
ерекшеліктері. Академиялық оқу қарым-қатынасы (дәрістер және семинарлар). 
Академиялық оқу қарым-қатынасында сөйлеу мәдениеті (ағылшын тілінде). 
Академиялық мәнерлеп оқу (ағылшын тілінде бейіндік пәндер бойынша 


мәтіндер типологиясы). Академиялық қарым-қатынастың ауызша формасы 
(презентация, ғылыми хабарлама, баяндама, талқылау, дискуссия). Шетел тілінде 
сабақты ұйымдастырудың дәрістік формасы. Тақырыптың негізгі ұғымын ашу
шетел тілінде нақты практикалық мысалдармен теориялық материалдарды 
үйлестіру. Шетел тіліндегі семинарлық сабақ оқу үдерісін ұйымдастырудың 
негізгі формалардың бірі ретінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет