5В060900 «География» мамандығы бойынша


- лингвистикалық құзыретті қалыптастыру –



Pdf көрінісі
бет4/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

- лингвистикалық құзыретті қалыптастыру – тақырыпқа қатысты 
лексикалық бірлікті дамыту дағдысы; негізгі терминдер мен ұғымдардан 
тұратын пәрменді сөздіктердің дамуы; грамматикалық дағдыларды жетілдіру; 
- прагматикалық құзыретті қалыптастыру – кәсіби мазмұндағы 
мәтіндер негізіндегі сұқпаттық және монологтік айтылымдарды қалыптастыру 
шеберлігі, жазылым дағдыларын жетілдіру, коммуникативтік стратегияны өңдеу 
шеберлігі (белгілі бір сөйлесім жағдайына бейімделу); 
- когнитивтік құзыретті қалыптастыру – мәселелік тапсырмалар, ойын 
тапсырмалары, мәтіндер бойынша: мәтінді біріздендіру дағдысы (мазмұнның 
мәнін анықтау, сыни қабылдау, негізгі және қосымша ақпараттарды айыра білу); 
мәтіннің мазмұнын ұғыну (сәйкестендіру, түсіндіру, жинақтау) дағдысы; 
мәтіннің мазмұнын өзгерту (толықтыру, қайта құру, қажетті мазмұнды таңдау); 
- ақпараттық құзыретті қалыптастыру – тілдік тұлғаның білім алу 
шеңберіндегі, сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу 
дағдылары. Түрлі нысандар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және 
ақпараттық технологиялар (бейне, электрондық почта, әлеуметтік желілер
Интернет т.б.) көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты талдау, 
саралау, сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді. 
Курс соңында студент: 
1. өз мамандығы саласындағы белсенді қолданылатын терминологияны 
білуі және оны кәсіби ортада тиімді қатынас жасау үшін ұтымды қолдана алуы;
2. кәсіби-іскери қарым-қатынас кезіндегі «маманданған» сөздерді (ұйғару, 
мақұлдау, сенім білдіру, келіспеу, негіздеу, дерек келтіру, бағалау, қорытынды) 
логикалық жүйемен құра білуі;
3. мәтіннен қажетті ақпаратты сұрыптап, оны кәсіби мақсатта сипаттай, 
қорыта білуі; 
4. мәтіннің түзілу тәртібіне көңіл аудару, оның логикалық құрылымдық 
негізін құра білу;
5. маманданған тақырыпқа сай өзіндік ой-пікір білдіре білу құзіретін 
қалыптастыра білуі керек. 
Пәнді меңгерудің болжамды нәтижесіне жету үшін СТУДЕНТ 
төмендегідей жүйелі, саналы және тұрақты білім, білік пен шеберлік 
қалыптастыруы қажет:
 
негізгі кәсіби лексиканы білу (сағат санына байланысты оқу бірлігі 
көлеміндегі жалпы және терминологиялық сипаттағы лексикалық минимум) 
шеберлігі;


 
өз мамандығына қатысты белсенді терминдердің мағынасын білу 
және оны кәсіби мақсатта қолдана білу дағдысы; 
 
мамандығына қатысты тақырып бойынша өз ойын дұрыс, жүйелі 
түрде жеткізе білу және мәтінге талдау жасай алу шеберлігі; 
 
өз мамандығы, елтанымдық, жалпы өз саласына қатысты тақырып 
аясында, диалог пен монолог құрап пікірсайыстарға қатыса алу дағдысы; 
 
құжаттардың жеке түрлерін (қызмет бабындағы хат-хабар, іскери 
байланыс, келіссөздер, сұраныс жіберу, ұсыныс, сервистік қызмет көрсету, тезис, 
хабарлама және т.б.) сауатты жаза алу дағдысы; 
 
түрлі жағдаяттық сұхбаттарға орынды араласа алу;
 
қазақ 
тіліндегі 
дереккөздерден 
өз мамандығына 
қатысты 
аутентикалық ақпараттарды алып, қызмет саласында ұтымды пайдалана білу 
және т.б білік пен шеберлікті қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет